Сабақтың тақырыбы : Сын-қимыл, себеп пысықтауыштар.

Жедел гастрит.

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу. Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Сөйлемнің тұрлаулы мүшесі пысықтауыштың қызметін;

- Матасудың жасалу жолдарын меңгеру;

- Сөздікті қолдана білуді;

- Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;

- Мысалдар келтіре білуді.

 

Дамытушылық:

- Сауатты жазу дағдысын қалыптастыру;

- Жаңа сөздерді дұрыс қолдануға;

- Өз бетінше ізденуге ;

- Ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету ;

- Өз ойын еркін жеткізуге баулу;

- Жылдам жауап беруге жаттықтыру;

 

Тәрбиелік:

- Оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру;

- Білімгерлерді адамгершілікке тәрбиелеу ;

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

 

1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин.

5. Сабақты қорытындылау 7 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 4-5 мин.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

· Мекен пысықтауыштарға бірнеше мысал келтір.

· Мезгіл пысықтауыш дегеніміз не?

· Мезгіл пысықтауышқа бірнеше мысал келтір.

· Сырқатнама неше бөлімнен тұрады?

· Дәрігерлік деонтология дегеніміз не?

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

1) Сын-қимыл үстеуі дегеніміз не?

2) Себеп-салдар үстеуі дегеніміз не?

3) Сын қимыл үстеуіне бес мысал келтір.

4) Себеп салдар үстеуіне бес мысал келтір.

5) Себеп-салдар үстеуі сөйлемде қандай мағынаны білдіреді.

6) Сын қимыл үстеуі сөйлемде қандай мағынаны білдіреді.

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру: Сын-қимыл, себеп пысықтауыштың жасалу жолдарын,ережесін айту.« Жедел гастрит» мәтінінен түсінгенін әңгімелеу. Мәтінді аудару,жаңа сөздерді жаттау.

 

 

Сын-қимыл, себеп пысықтауыштар.

Жедел гастрит

Жедел гастрит – асқазанның шырышты қабығының қабынуы. Бұл-өте жиі кездесетін ауру. Адам бұл аурумен ащы тамақ ішкенде, қышқылдармен, сілтілермен уланғанда ауырады. Сондай-ақ, ас қорыту аппаратарына тамақпен бірге микроорганизмдер мен олардың токсиндері (сальмонелла, стафилококк және басқалар) түскенде пайда болады.

Науқас ішінің, басының ауыратынын айтады, әлсіреп құсады, дене қызуы қалыпты болуы мүмкін немесе 38-39 градусқа дейін көтеріледі, қорытылмаған тамақты құсып тастайды. Терісі қуқылданып, тілін ақ үлпек басады, іші аздап кебеді. Ауыр формалары кезінде жүрек соғысы баяулап, қан қысымы төмендейді, ішін басып қарағанда құрсақ үсті (эпигастрий) аймағының ауыратыны анықталады. Науқас есінен танып, аяқ-қолы тырысуы мүмкін.

Емі. Дұрыс емделгенде жағдайы тез жақсарады, ауру 5-7 күнге созылады. Жедел гастритті аппендицитттен, дизентериядан айыра біоу керек.

Интоксикация симптомдары жойылғанға дейін төсектен тұрғызылмайды, асқазанды натрий ерітіндісімен немесе қайнатылған сумен жуып тазартады.

18-24 сағат бойы су-шай диетасы қолданылады. Одан кейінгі күндерде күтім жасауға арналған диета тағайындалады.

Дәрі-дәрмектерден дәрігердің көрсетуімен кардиамин, кофеин, строфантин, ішек инфекциясына күдік туғанда левомицитин ішкізеді.

Жедел гастрит дұрыс емделмесе, диета ұстамаса созылмалы гастритке ұласуы мүмкін.

 

 

Қышқыл-кислота

Сілті-щелочь

Улану-отравление

Жұқпалы-инфекционный; заразный

Жедел-срочно; быстрый, острый

Әлсіреу – ослабление; слабеть

Құсу-вырвать; срыгнуть

Қуқылдану-побледнеть

 

1-Жаттығу

Төмендегі сұрақтарға науқас адамның атынан (мәтін бойынша) жауап беріңіз.

- Қай жеріңіз ауырады?

- ...

- Қай кезде ауырады?

- ...

- Қашан ауырдыңыз?

- ...

- Қызуыңыз бар ма?

- ...

- Құстыңыз ба?

- ...

- Әлсіздік сезінесіз бе?

- ...

- Ішіңізді басқанда қай жеріңіз ауырады?

- ...

2-Жаттығу

Науқас адамға дәрігердің атынан ем тағайындаңыз. (мәтін бойынша) . Ұсынған еміңізді дәптерге жазыңыз.

3-Жаттығу

Осы тақырыпқа байланысты даналардың сөздерін есіңізге сақтаңыз.

 

1. Барлық ауру бір-ақ жолмен –қомағайлықпен келеді

(Ж. Баласағұни)

2. Дертке шалдыққанша денсаулықтың қадірін ешкім білмейді.

(Т. Фуллер)

4-жаттығу.Төмендегі сөзді септеңіз. Сөйлемдер құраңыз.

 

 

5-жаттығу.Мәтіндегі 2-абзацты оқып шығыңыз. Аурудың клиникалық көрінісі туралы құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемдерге айналдырып жазыңыз. Жазғаныңызды әңгімелеп көріңіз.

6-жаттығу

Науқас адамға дәрігердің атынан ем тағайындаңыз (мәтін бойынша). Ұсынған еміңізді дәптерге жазыңыз.