1-Жаттығу.Берілген сөйлемдерді (мәтінді тірек ете отырып) аяқтаңыз.
1. Папорт бөлімінде науқастың тұрмыс жағдайы ... . 2. Негізгі шағымдар аурудың пайда болу кезеңіне ... . 3. Қосымша шағымға ұйқысыздық ... . 4. Ағзалар қызметінің бұзылуына қарап ауру ерекшеліктерін ... . 5. Шағым екіге .... . 6. Сырқатнама бес бөлімнен ... . 7. Шағымдардың сипаттамасы әр түрлі ауруларда бірдей ... .
2-жаттығу.Өзара мағыналас үстеулерді топтастырыңыз.
Бекерге,екеулеп,әдейі,аса,әрең,сонша,әрі,бір-бірлеп,босқа,біле тұра,нағыз,тым,едәуір,алға,амалсыздан,қасақана,әбден,тікелей,бірталай,ішке,ілгері,лажсыздан,арнайы,айрықша,бір-бірден.
3-жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті көмекші есімдерді қойып,көшіріп жазыңыздар.
Мен “Байқоңыр ”кинотеатрының ... тұрамын.Институттың ... үлкен сауда орталығы бар.Оның ... үнемі халық көп болады.Сауда орталығының ... банк бар.Банк ғимаратының ... зәулім қонақ үй орналасқан.Қонақ үйдің ... дәмхана,мейрамхана бар.
4-жаттығу.Саққұлақ шешеннің мына нақылын оқып,сын есімдерді табыңыз.
Ағасы бар-дұшпанға құрған ауындай,
Атасы кімнің бар болса-асқар биік тауындай,
Анасы бар адам-қашырады жауыңды,
Інісі бар адам-қашырады жауыңды,
Келін,бала-шағасы-пісіп тұрған қауындай.
Алыстан іздеп дос келсе,ықыласпен тос оны,
Сүйерменің болмаса,жан-жағыңа қаранып...
5-жаттығу.Мақал-мәтелдерді оқып,шығыс септік тұлғасындағы сөздерді көрсетіңіз.
Ақыл-ауыздан,мерей-көзден.Отан оттан да ыстық.Ақыл жастан шығады,асыл тастан шығады.” Адамнан’’үлкен ат жоқ,наннан үлкен ас жоқ.Жаман аттан аяғым артық,жаман жолдастан таяғым артық.Үндемегеннен үйдей пәле шығады.Сөз сүйектен өтеді,таяқ еттен өтеді.
6-жаттығу.
Төмендегі сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.
Жалобы больного, биография больного, история болезни, фамилия больного, место работы больного, врач осматривает больного, врач принимает , врач слушает легкие и сердце, измереяет давление, вредные привычки, диалог врача с больным, симптомы заболевания, боль в сердце, место учебы, возраст больного.
7-жаттығу.
Төмендегі туынды сөздердің қандай сөздерден жасалғанын анықтаңыз.
бөлім, өмірбаян, кәсіби, әлсіздік, ұйқысыздық, тұқым қуалаушылық,
8-жаттығу.
Оң жақ бағандағы етістіктермен сол жақтағы керекті сөздерді (сұрақ қою арқылы) тауып, сөз тіркесін құрастырыңыз.
үнемі сұрастыру (нені?)
қанын емдеу (кімді?)
науқастың дамуы (ненің?)
баланы ентігуі (кімнің?)
отбасын тексеру (нені?)
аурудың терлеу (қалай?
9-жаттығу.
Төмендегі сұрақтарға мәтіннен жауап іздеңіз.
Қай бөлімде науқастың жасы, жынысы анықталады?
Аурудың шағымдары нешеге бөлінеді?
Негізгі шағым нелерді білдіреді?
Қосымша шағымдар нелерді білдіреді?
Аурудың даму тарихы не жайлы?
Науқастың өмірбаянына не кіреді?
Қай бөлімде ең маңызды мүшелердің қызметі туралы мәліметтер жиналады?
10-жаттығу.
Мәтінді бірнеше рет қайталап оқып, оқу жылдамдығыңызды тексеріңіз. Түсінгеніңізді әңгімелеп беріңіз.