Сырқатнама және оның құрылысы
Сырқатнама бес бөлімнен тұрады:
1.Паспорт бөлімі;
2.Аурудың шағымдары;
3.Қазіргі аурудың даму (осы) тарихы;
5.Әрбір мүше бойынша сұрастыру.
Паспорт бөлімінде науқас адамның тегі, аты, әкесінің аты, жасы, жынысы, ұлты, кәсіби мамандығы, жұмыс және тұрмыс жағдайы анықталады.
Шағым негізгі және қосалқы болып екіге бөлінеді.
Негізгі шағым әр ағзаның, не әр жүйенің ауруына тән белгі. Негізгі шағымдар аурудың пайда болу кезеңіне сәйкес келеді.
Қосымша шағымдар ағзаның патологиялық процеске байланысты жалпы ерекше күй-жайын ғана көрсетеді. Бұл шағымдардың сипаттамасы әр түрлі ауруларда бірдей болуы мүмкін. Қосымша шағымдарға, мысалы, әлсіздік, дел-салдық, терлеу, ұйқысыздық, күйгелектік жатады.
Аурудың даму тарихы. Ауру тарихын зерттегенде анықтау керек жағдайлар: аурудың басталуы, оның даму ерекшеліктері: аурудың пайда болу себебі, өткізілген тексерулер және олардың нәтижелері, жасалған ем және оның нәтижесі.
Ауру адамның өмірбаяны. Ауырған адамның өмірбаяны (қысқаша), науқас адамның ауырған аурулары, жыныс қатынасы және отбасы, еңбек және тұрмыс жағдайы, зиянды әдеттері.
Мүшелер жүйесі бойынша сұрастыру. Бұл бөлімде адам ағзасындағы ең маңызды мүшелердің қызметі жөнінде мәліметтер жиналады. Ағзалар қызметінің бұзылуына қарап оның ауру ерекшеліктерін табуға болады.
Сөздік
Шағым-жалоба
Даму-развитие; развиваться
Кәсіби-профессиональный
Тұрмыс жағдайы-бытовое условие
Тән-характерно
Жөтел-кашель
Күй-состояние
Қақыру-отхаркивание
Ентігу-одышка
Бірдей-одинаковый
Мүмкін-возможно
Сипаттама-описание
Әлсіздік-слабость
Дел-салдық-апатия
Терлеу-потеть
Ұйқысыздық-бессоница
Күйгелектік-нервозность; раздражительность
Тұқым қуалаушылық-наследование
Әдет-привычка