Сабақтың тақырыбы : Мекен, мезгіл пысықтауыштар.
Сырқатнама және оның құрылысы.
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу. Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Сөйлемнің тұрлаулы мүшесі пысықтауыштың қызметін;
- Пысықтауыштың жасалу жолдарын меңгеру;
- Сөздікті қолдана білуді;
- Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;
- Мысалдар келтіре білуді.
Дамытушылық:
- Өз бетінше ізденуге ;
- Ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету ;
- Өз ойын еркін жеткізуге баулу;
- Жылдам жауап беруге жаттықтыру;
Тәрбиелік:
- Оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру;
- Білімгерлерді адамгершілікке тәрбиелеу ;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин.
5. Сабақты қорытындылау 7 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 4-5 мин.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
· Баланың қозғалысының дамуы ненің көрсеткіші?
· Сәби екі айлығында не істейді?
· Сәби үш, төрт, бес айлығында не істей алады?
· Пысықтауыш дегеніміз не?
· Пысықтауыштың қандай түрлерін білесің?
· Пысықтауыштар қалай жасалады?
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
1) Мекен үстеу дегеніміз не?
2) Мезгіл үстеуі дегеніміз не?
3) Мекен үстеуіне бес мысал келтір.
4) Мезгіл үстеуіне бес мысал келтір.
5) Сырқат адам ауырғанын растайтын құжаттарды қайдан ала алады?
6) Сырқатына қарай ауруларға бөлінетін палаталар қанша түрге бөлінеді?
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
· Өткен тақырып бойынша бағалау;
· Жақсы жауаптарды ескеру;
· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
· Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру: Мезгіл,мекен пысықтауыштың жасалу жолдарын,ережесін айту.«Сырқатнама және оның құрылысы» мәтінінен түсінгенін әңгімелеу. Мәтінді аудару,жаңа сөздерді жаттау.
Мекен, мезгіл пысықтауыштар.
![]() | ||
![]() |