3.Анықтауыш сөйлемнің қандай мүшесіне жатады?
4.Бала сөзіне синонимдік қатар түзе.
5. Балаға байланысты мақалдарды ата.
6.Неге қазақ халқы «Бала тілі бал» деп есептеген.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
1. Пысықтауыш дегеніміз не?
2. Пысықтауышты табу үшін қандай сұрақ қоямыз?
3. Пысықтауыштың сөйлемдегі орны қандай?
4. Сәбидің өсуі неге байланысты?
5. Сәбидің ағзасына қандай витаминдер түскенде оның жетілуі жақсы дамиды.
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
· Өткен тақырып бойынша бағалау;
· Жақсы жауаптарды ескеру;
· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
· Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру: Пысықтауыштың жасалу жолдарын,ережесін айту.
«Сәбидің өсуі» мәтінінен түсінгенін әңгімелеу. Мәтінді аудару,жаңа сөздерді жаттау.
Пысықтауыш.
![]() | |||
![]() |
Сәбидің өсуі
Баланың дамуын сипаттайтын маңызды көрсеткіш қозғалысының дамуы. Екі айлығында сәби басын ұстайды, күледі, үш айлығында бала қолын еркін қималдата алады. Төрт айлығында сәби дыбыс шыққан жаққа мойнын бұрады. Бес айлығында ұзақ «гуілдейді», анасын және жақын адамдарын таниды, ойыншыққа қолын созып, оны ұстайды, шалқасысан жатқанда етпетінен аударылып түседі. Ересектер сүйемелдегенде тұра алады, еңбектеуге талпынады, етпетінен жатқанда шалқасынан аударылып түседі, тамақты қасықпен жей бастайды. Жеті айлығында ұзақ былдырлайды, ойыншықпен жақсы ойнайды, жақсы еңбектеп, отыра біледі. Сегіз айлығында сәби сөз буындарын дауыстап, қайталап айтады, өзі отырып, өзі жатады. Ойыншықтармен көп ойнайды. Он айлығында бала ешнәрсеге сүйенбей-ақ көтеріліп тұра алады, орындықтыфйналып жүреді. Он екі айлығында он шақты сөз айтады, өз бетімен жүріп, ыдыс-аяқтан өз бетімен тамақ ішеді.
Бала екі жасқа аяқ басқанда оның ойнау кезеңі көбейеді, ол көп жүріп, жүгіреді, мұның өзі оның айналадағы дүниені жақсырқ білуіне жағдай жасайды.
"Сәбидің өсуі" мәтіні кездесетін жаңа сөздерді жаттап алыңыз.
көрсеткіш-показатель; указатель
маңызды-существенный; важный
қозғала білу-уметь двигаться
дәрменсіз-беспомощный
ұстау-держать
күлу-смеяться
еркін-свободный; вольно
қимылдату-двигать; шевелить; пошевеливать
бұру-повернуть; поворочивать
гуілдеу-гудеть; шуметь
созу-втынуть; растянуть
шалқасынан-на спине
етпетінен-на животе; позничь
аударылу-перевернуться; ворочаться
сүйемелдеу-сопровождения; поддержать
тіреу-опора
еңбектеу-ползать
талпыну-пытаться; стремиться
былдырлау-говорить невнятно; говорить неразборчиво
көтерілу- подняться
кезең-время; пора; период
1-жаттығу.
Төмендегі сөз тіркестерінің орысша баламасын жазыңыз.
Маңызды көрсеткіш, жақсы көрсеткіш, нашар көрсеткіш, баланың дамуы, баланың қозғалуы, нәрестенің қозғала білуі, нәрестенің қасық ұстауы, нәрестенің мойнын ұстауы, нәрестенің ойыншық ұстауы, сәбидің күлуі, сәбидің жылауы, сәбидің гуілі, сәбидің сөйлеуі, сәбидің отыруы, нәрестенің қимылдауы, сәбидің етпетінен жатуы, сәбидің шалқасынан жатуы, сәбидің қолын созуы, нәрестенің аяғын созуы, баланың еңбектеуі.
2-жаттығу.
Берілген мәтінді бірнеше рет оқып шығыңыз. Алғашқы рет неше минутта оқығаныңызды, соңғы рет неше минутта оқығаныңызды белгілеп қойыңыз.
Баланың дамуын сипаттайтын маңызды көрсеткіш қозғала білуінің дамуы. Екі айлығында сәби басын ұстайды, күледі, үш айлығында бала қолын еркін қимылдата алады. Төрт айлығында сәби дыбыс шыққан жаққа мойнын бұрады. Бес айлығында ұзақ "гуілдейді", анасын және жақын адамдарын таниды, ойыншыққа қолын созып, оны ұстайды, шалқасынан жатқанда етпетінен аударылып түседі. Ересектер сүйемелдегенде тұра алады, еңбектеуге талпынады, етпетінен жатқанда шалқасынан аударылып түседі, тамақты қасықпен жей бастайды. Жеті айлығында ұзақ былдырлайды, ойыншықпен жақсы ойнайды, жақсы еңбектеп, отыра біледі. Сегіз айлығында сәби сөз буындарын дауыстап, қайталап айтады, өзі отырып, өзі жатады. Ойыншықтармен көп ойнайды. Он айлығында бала ешнәрсеге сүйенбей-ақ көтеріліп тұра алады, орындықты айналып жүреді. Он екі айлығында он шақты сөз айтады, өз бетімен жүріп, ыдыс-аяқтан өз бетімен тамақ ішеді.
Бала екі жасқа аяқ басқанда оның ойнау кезеңі көбейеді, ол көп жүріп, жүгіреді, мұның өзі оның айналадағы дүниені жақсырақ білуіне жағдай жасайды.
3-жаттығу.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Баланың қозғалысының дамуы ненің көрсеткіші?
Сәби екі айлығында не істейді?
Сәби үш, төрт, бес айлығында не істей алады?
Қай кезде сәби былдырлайды?
Он айлығында не істейді?
Он екі айлығында не істейді?
Баланың екі жасқа келген кездегі әрекеттері қандай?
4- жаттығу.
Мына сөйлемдердегі көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыз.
1. Сәби 2 айлығында мойнын … . 2. Сәби өз қолын … алады. 3. Нәресте дыбыс шыққан жаққа … бұрады. 4. Ойыншыққа қолын … . 5. 1 жасында … сөз айтады. 6. Сәби орындықты … жүреді. 7. Бала … іздейді. 8. Ойыншығын … іздейді. 9. … бала жүгіреді. 10. Ата-анасын … таниды. 11. Адамдарды … іздеп табады. 12. Екі қолынан ұстағанда … . 13. 7 айлығында бала ұзақ … . 14. Бала … жақсы ойнайды.
(Керекті сөздер: жүреді, көзімен, былдырлайды, ұстайды, ойыншықпен, бірден, 2 жасқа келгенде, басын, шешесін, айналып, созады, он шақты, қимылдата, жүреді).
5-жаттығу.
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Сіздің туысыңыздың (танысыңыздың) баласы
а) неше айлығында еңбектеді?
ә) неше айлығында жүрді?
б) неше жасында сөйлей бастады?
в) неше жасында жүгірді?
г) неше жасында оқи бастады?
6-жаттығу.
Мәтін бойынша түсінгеніңізді әңгімелеңіз.
7- жаттығу.
Төмендегі мақалдардың мағынасын қалай түсінесіз? Орыс тіліндегі ұқсас мақалдарды есіңізге түсіріңіз.
Ананың сүті – бал
Баланың тілі – бал
Баланың бас ұстазы – ата-ана
Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.