1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Бала туғаннан кейін 2 сағат өткен соң не істелінді?

Нәрестелер қалай күтіледі?

Жаңа туған нәрестеге қандай вакцина егіледі?

Неше күннен кейін егіледі?

Қандай жағдайларда жаңа туған баланы егуге болмайды?

Жалпы жағдайы жақсы шала туған баланы егуге бола ма?

Иммунитет қашан пайда болады?

2-жаттығу. Мәтінді бірнеше рет қайталап оқып шығыңыз. Алғаш рет қанша уақыт, соңғы рет қанша минут кеткенін белгілеңіз.

3-жаттығу. Бала сөзімен сын есімдер тіркесін құраңыз. Үлгі: жаңа туған бала

4-жаттығу. О” жақ бағанадағы етістіктерге (сұрақ арқылы) сол бағанадан керекті сөзді тауып сөз тіркесін жасаңыз.

мұқият өлшейді (нені?)

қайнаған сумен анықтайды (қалай?)

мақтамен анықтайды (нені?)

алғашқы екі күн жуады (немен?)

баланың салмағын сүртеді (немен?)

кемшіліктерін тимейді (неше күн?)

туберкулезге қарсы егіледі (кімдер?)

асқорытудың егіледі (не үшін?)

даму тарихына жара болу (қайда?)

иммунитет бұзылуы (ненің?)

жаңа туған балалар жазылу (қайда?)

дене сыртында пайда болу (не?)

5-жаттығу. Мәтін бойынша көптеген сөйлемдер етістіктің етіс категориясымен берілген. Етіс тұлғасын есіңізге түсіріңіз. Оның түрлерінің өзара немесе шақ формаларынан қандай айырмашылықтары бар? Мысалы: күту: күтіледі, күткізеді, күтіседі, күтеді. Сөйлемдер арқылы мысалдар келтіріңіз.

6-жаттығу. Мәтін бойынша түсінгеніңізді әңгімелеңіз.

 

Сабақтың тақырыбы : Пысықтауыш. Сәбидің өсуі.

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу. Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Сөйлемнің тұрлаулы мүшесі пысықтауыштың қызметін;

- Пысықтауыштың жасалу жолдарын меңгеру;

- Сөздікті қолдана білуді;

- Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;

- Мысалдар келтіре білуді.

 

Дамытушылық:

- Сауатты жазу дағдысын қалыптастыру;

- Мәтінмен жұмыс істей отыра, оқушының ойлау қабілетін шапшаңдығын, тез шешім табуын ұштау;

- Оқушылардың сөздік қорын молайту;

- Ой- қиялына ерік бере отырып, өзінше ойын түйіндеуге бағыттау ;

- Оқу материялынан ең бастысы табу, талдау, салыстыру, ойлау қабілеттерін дамыту;

- Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

 

Тәрбиелік:

- Оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру;

- Білімгерлерді адамгершілікке тәрбиелеу ;

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

 

 

1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин.

5. Сабақты қорытындылау 7 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 4-5 мин.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

1.Анықтауыш дегеніміз не?

2.Анықтауышты сөйлемнен табу үшін қандай сұрақтар қою керек?