Анықтауыштың негізгі белгілері

Зат есімнен немесе заттанған басқа сөз таптарынан болған сөйлем мүшесінің сындық, сандық, иелік, мөлшерлік белгілерін білдіреді.

Қандай? Қай? Қанша? Неше? Кімнің? Ненің? деген сұрақтарға жауап береді.

Өзі анықтайтын мүшемен матасу, қабысу түрінде байланысады

 

Анықтауыштың жасалу жолдары

 

1. Сын есім: Аспандағы ақ бұлттар да ойнайтындай.

2. Зат есім: Жігіттің үш жұрты бар.

3. Сан есім: Байқауға он бес оқушы іріктелді.

4. Есімдік: Оның шығармасы үздік деп танылды.

5. Есімше: Үзілген нәрсені жалғау да оңай емес.

 

Нәресте және оны күту

Бала туғаннан кейін 2 сағат өткен соң оның салмағы мен бойы өлшенеді,кіндігінің таңылу жағдайы тексеріледі.Даму ткемшіліктерін(туа біткен кемшіліктерін)анықтау үшін мұқият қарап қарап шығаы.

Жаңа туғандар бөлімшесінде нәрестелер одан кейнгі күндерде былайша күтіледі:тәулігіне екі рет нәрестенің беті мен құлақ қуысын бор қышқылының ерітіндісі мен қайнаған суға малынған стерильді мақтамен сүртіп тазалап отырады .Көзін фурацилин ерітіндісімен жуады.Әр көзге жеке-жеке мақта тампоны алынады.Терісінің қатпарлары мен шабына вазелин немесе өсімдік майын жағады.

Денсаулығы жақсы болып туған барлық нәрестелерге 5-7 күн ішінде туберкулезге қарсы вакцина егіледі(алдын ала егу жүргізіледі).

БЦЖ вакцинасын мынандай жағдайларға егуге болмайды:

1)тері сыртында жара болғанда (терінің іріңді аурулары – пиодермия,бөртпе,тері іріңдері,флегмона және т.б);2)туған кезде алынған жарақаттың клиникалық белгілері болғанда;3)дене қызу көтерілгенде (37 градустық жоғары); 4)ас қорытуы бұзылғанда; 5 сәбидің жалпы жағдайына әсер ететін аурулар(назофарингит,отит,тұмау,өкпенің қабынуы,және т.б.)болғанда;6) резус – үйлесімсіздік болғанда.

Туғанда салмағы 2000 грамнан жоғары болған және жалпы жағдайы жақсы,шала туған балаға вакцина егуге болады.

Вакцина егілген күн сәбидің даму тарихына жазылады:Вакцина егілгеннен кейін 1,5-2 айдың ішінде иммунитет пайда болып, 3-5 жыл бойы сақталады:

 

 

Сөздік

Сәби,нәресте-младенец;дитя

Ұзындық-длина;

Өлшеу-измерять

Кіндің-пуповина

Таңылу-завязываться

Кемшілік-недостаток

Туа біткен-врожденный

Мұқият-тщетально

Күту-ждать

Тәулік-сутки

Бор қышқылы-борная кислота

Ерітінді-раствор

Тері қатпарлары-складки кожи

Шап-пах

Дәке-марля;бинт

Егу-прививка

Жара-рана;болячка

Сыртында-снаружи

Ірің-гной

Жарақат-травма

Үйлесімсіздік-несоответствие

Сәби-младенец,дитя

Шала туған бала-недоношенный ребенок