3-жаттығу Төмендегі тіркестерді орыс тіліне аударыңыз.

Анатомиялық құбылыс, микробтар әсері, қозғаушы күш, әсерінен, адам ағзасындағы өзгеріс, ауру тудыратын себептер, ауру тудыратын негізгі себеп, генетикалық жағдай, саяси-әлеуметтік жағдай, зиянды нәрселер, зиянды нәрселер әсері, сырқат белгілері, көзімен анықтау, құлақпен тыңдап анықтау, дәрігердің диагноз қоюы, саусақтармен сипауы

4-жаттығу Оң жақтағы бағанадағы етістіктер мен сол жақтағы бағанадан керекті есім сөздерді тауып (сұрақ арқылы) сөз тіркесін жасаңыз, осы тіркестермен сөйлем құрастырыңыз.

музыка пайда болу (не?)

суреттер баяндау (нені?)

баланың арқасын көру (не?)

оқыған кітапты сипау (нені?)

диагнозды анықтау (нені?)

ауру түрі қолдану (не?)

дәрілер тыңдау (не?)

5-жаттығу.

Мәтінде зат есімнен жасалған сын есімдер көп кездеседі. Осы сын есімдерді тауып, жасалу жолын түсіндіріңіз.

6-жаттығу .Мәтінде болжалдық сан есімдер бар. Соларды табыңыз. Осы берілген сандарды сан есмінің басқа түрлерімен өзгертуге бола ма? Мысалдар арқылы өзгертіп көріңіз.

7-жаттығу Ауру сөзінің синонимдерін есіңізге сақтаңыз.

Ауру – науқас – кесел – сырқат – дерт

8-жаттығу Төмендегі мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз.

Ауру кірді, әлек кірді.

Ауруды елемеген өледі,

Дауды елемеген төлейді.

Сырқат тән жарасы

Қайғы жан жарасы

Тер шықпаған кісіден

Дерт шықпайды.

әлек-возня; хлопоты

елемеу-пренебрегать; пренебрежение

тер шығу-потеть; выделение пота

Сабақтың тақырыбы : Анықтауыш. Нәресте және оны күту. Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу. Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Сөйлемнің тұрлаулы мүшесі анықтауыштың қызметін ;

- Анықтауыштың жасалу жолдарын меңгеру;

- Сөздікті қолдана білуді;

- Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;

- Мысалдар келтіре білуді.

Дамытушылық:

- Өз беттерімен әрекеттену дағдысын қалыптастыру;

- Тіл байлығын, сөздік қорларын молайту;

- Ауызекі сөйлеу, оқу дағдыларын қалыптастыру;

- Ауызша және жазбаша тілдерін, көру жіне есту қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік:

- Оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру;

- Білімгерлерді адамгершілікке тәрбиелеу ;

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин.

5. Сабақты қорытындылау 7 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 4-5 мин.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

1) Анықтауыш дегеніміз не?

2) Анықтауышты сөйлемнен табу үшін қандай сұрақтар қою керек?

3) Анықтауыш сөйлемнің қандай мүшесіне жатады?

4) Бала сөзіне синонимдік қатар түзе.

5) Балаға байланысты мақалдарды ата.

6) Неге қазақ халқы «Бала тілі бал» деп есептеген.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

1. Анықтауыш дегеніміз не?

2. Анықтауышты табу үшін қандай сұрақ қою керек?

3. Анықауыштың сөйлемдегі орны қандай?

4. Баланың күтімі қандай болу керек?

5. Баланың күтімі нашар болған жағдайда оған қандай қауіп тиуі мүмкін.

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру: Анықтауыштың жасалу жолдарын,ережесін айту. «Нәресте және оны күту» мәтінінен түсінгенін әңгімелеу. Мәтінді аудару,жаңа сөздерді жаттау.

Анықтауыш.

Есім сөздермен анықтауыштық қатынаста тіркесіп, сөйлемде сын , түр-түс, сан, иелік, көлем, мөлшер сапалық белгілерді білдіретін тұрлаусыз мүшені анықтауыш дейміз. Мыс: Төрге ақ (қандай?) киіз жайылыпты.