Сөйлемде іс-әрекетті, оқиғаны заттық мағынасы жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені толықтауыш дейміз.

 

Мысалы: Балалар мектепке ата-аналарымен (кімдермен?) келді.

 

Толықтауыштың негізгі белгілері

1.Барыс,табыс,жатыс,шығыс,көмектес септіктердің сұрақтарына жауап береді.

2.Заттық мағынада болады.

3.Мағынасы мен байланыс түріне қарай тура және жанама толықтауыш деп екіге бөлінеді.

4.Байланыс меңгеру мен жанасу түрлері арқылы жасалады.

Толықтауыштың жасалу жолдары

1.Зат есім: Гүлімді осы ой арманға жетелейді.

2.Заттанған есімдік: Бұны бәрі білетін.

3.Заттанған сын есім,сан есім: Аққа құдай жақ.

4.Заттық мағына ауысқан есімше,тұйық етістік (қиымыл есім): Білмегенді сұрап алу – ұят емес.

5.Толық мағыналы сөзге туралы, жөнінде, жайында, шылаулары арқылы тіркеседі: Марат туралы достары жақсы пікірлер айтты.

Тура толықтауыш – табыс септік тұлғасында тұрған толықтауыш:Мысалы: 1.Оқушылар бөлмедегі гүлдерді (нелерді?) күнде суарады. 2.Айжанды(кімді?)кітапханаға ертіп барды.

Тура толықтауыштың негізгі белгілері

1. Тура толықтауыш өзі толықтыратын сөзіне мағыналық, тұлғалық жағынан тәуелді болады.

2. Тура толықтауыш ашық , жасырын да қолданылады, яғни кей жағдайда табыс септік жалғауы жасырын тұрады. Дүкеннен Жанар кітап алды. Жанар алды. Грамматикалық негіз болса, кітап сөзі нені? деген сұраққа жауап береді. Сөйлемде табыс септік жалғауы жасырын тұрса да, синтаксистік талдау арқылы анықтауға болады.

 

Ағзадағы аурулар

Ауру дегеніміз – біртұтас анатомиялық және физиологиялық құбылыстар. Олар микробтар не басқа да не басқа да аса күшті қозғаушы күштің әсерінен пайда болатын адам ағзаларындағы өзгерістер. Ауруды тудыратын себептер көп, дегенмен негізгі себептер мыналар: механикалық, физикалық, биологиялық, химиялық, психикалық, генетикалық, саяси - әлеуметтік және т.б. жағдайлар.

Осындай нәрселердің әсерінен ауырған адамда сырқат белгілері пайда болады (яғни симптомдары). Бұл белгілерін ауру айтып баяндайды, кейін дәрігер көзімен көріп, сипап (пальпация), саусағының басымен соғып (перкуссия), тыңдап (аускультация) анықтайды.

Содан кейін алынған мәліметтерді толықтыру үшін қосымша лабораториялық және әртүрлі аспаптық әдістер қолданады. Алынған мәліметтер науқастың түрін анықтап, диагноз қоюға мүмкіндік береді. Ауруды анықтау үшін дәрігер алдымен аурудың белгілерін білуі тиіс. Қазіргі кезде 10000 – ға жуық аурудың түрлері, 1600 ден аса әртүрлі синдромдар белгісі табылып отыр. Аурудың түрін анықтау үшін науқас түрлі тексерулерден өтуі тиіс:

8. Лабораториялық әдіс (қанын, зәрін, қақырығын т.б.);

9. Физиологиялық әдіс ( әр түрлі аспаптардың көмегімен);

10. Физикалық әдіс(рентген және компьютерлік томография);

11. Морфологиялық әдіс (ағзадағы ұлпаларды алып микроскоппен, электронды микроскоппен тексеру).

Сөздік

Төмендегі сөздерді жаттап алыңыз.

Біртұтас – целое

Құбылыс – явление

Қорғаушы – возбудитель

Саяси - әлеуметк - политико - социальной

Зиянды – вредный

Мәлімет – сведение

Толықтыру – дополнять

Аспап – прибор

 

 

1 – жаттығу.

Жаңа мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Ауру дегеніміз не?

2. Ауруды тудыратын қандай себептер?

3. Ауру белгілерін қалай білуге болады?

4. Ауруды анықтау үшін қандай тексерулер жасау керек?

 

 

2-жаттығу.Төмендегі сөзді септеңіз.Сөйлемдер құраңыз.

 

 

 

Науқас