Сабақтың тақырыбы : Толықтауыш. Ағзадағы аурулар.
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу. Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Сөйлемнің тұрлаулы мүшесі толықтауыштың қызметін ;
- Толықтауыштың жасалу жолдарын меңгеру;
- Сөздікті қолдана білуді;
- Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;
- Мысалдар келтіре білуді.
Дамытушылық:
- Өз бетінше ізденуге ;
- Ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету ;
- Өз ойын еркін жеткізуге баулу;
- Жылдам жауап беруге жаттықтыру;
Тәрбиелік:
- Оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру;
- Білімгерлерді адамгершілікке тәрбиелеу ;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин.
5. Сабақты қорытындылау 7 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 4-5 мин.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
1. Тері деген не?
2. Терінің көлемі қанша?
3. Тері қанша қабаттан тұрады?
4. Сыртқы қабаты қалай аталады?
5. Эпидермистің астыңғы қабаты қалай аталады?
6. Бұл қабатта нелер орналасқан?
7. Терінің астыңғы қабатында не бар?
8. Май торлары қандай қызмет атқарады?
9. Баяндауыш дегеніміз не?
10. Сөйлемде баяндауыштың атқаратын рөлі қандай?
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
1. Лабораториялық әдіс (қанын, зәрін, қақырығын т.б.);
2. Физиологиялық әдіс ( әр түрлі аспаптардың көмегімен);
3. Физикалық әдіс(рентген және компьютерлік томография);
4. Морфологиялық әдіс (ағзадағы ұлпаларды алып микроскоппен, электронды микроскоппен тексеру).
5. Толықтауыш дегеніміз не?
6. Толықтауыштың сөйлемдегі орны қандай?
7. Толықтауышты табу үшін қандай сұрақ қояды.
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
· Өткен тақырып бойынша бағалау;
· Жақсы жауаптарды ескеру;
· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
· Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру: Толықтауыштың жасалу жолдарын,ережесін айту. «Ағзадағы аурулар» мәтінінен түсінгенін әңгімелеу. Мәтінді аудару,жаңа сөздерді жаттау
Толықтауыш.