Төмендегі жаңа сөздерді жаттап алыңыз.

Тері – кожа

Сыртқы жабын – наружный покрыв

Түлеу – лущение

Жаңару – обновление

Қор – запас

Тер бездері – потовые железы

Май торлары – жировая клетчатка

Салқындау – похолодеть

Серпімді – упругий

Майлау – мазать

Сипау – ощупывание

Күю – обжечься

Үсу – замерзать

 

1– жаттығу.

Терінің құрылысы мен атқаратын қызметі мәтіні бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

11. Тері деген не?

12. Терінің көлемі қанша?

13. Тері қанша қабаттан тұрады?

14. Сыртқы қабаты қалай аталады?

15. Эпидермистің астыңғы қабаты қалай аталады?

16. Бұл қабатта нелер орналасқан?

17. Терінің астыңғы қабатында не бар?

18. Май торлары қандай қызмет атқарады?

19. Тері қандай болады?

20. Ағзадағы зиянды заттар қалай бөлінеді?

21. Тері бездері не бөледі?

22. Май бездері не бөледі?

23. Терінің тағы қандай қисиеттері бар?

 

2– жаттығу

 

"Терінің құрылысы және атқаратын қызметі" мәтіні бойынша төмендегі сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыз.

Терінің көлемі, үш қабаттан тұру, эпителий ұлпасынан құралған, эпидермистің астыңғы қабаты, лимфа тамырлары, қан тамырлары, дерма ұлпасынан тұру, ішкі мүшелерді сақтау, әр түрлі зақымдаулардан сақтау, салқындаудан сақтау, энергия қоры, тері мықты және серпімді, таза тері, ауруға шалдықпаған тері, микробтардың енуі, денеге микробтардың енуі, енуіне жол бермейді, тер бөліну, денеден тер бөліну, май бөліну, ыстықтың әсері, суықтың әсері, сипағанды сезу, ауруды сезу, күюді сезу, газ алмасуға қатысу.

 

3– жаттығу

Төмендегі сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

1. Наружный слой-эпидермис образован многослойной эпителипальной тканью. 2. Эпидермис постоянно слущивается и обновляется. 3. Самый глубокий слой – подкожная клетчатка образован жировой тканью. 4. Кожа предохраняет от механических повреждений все ткани и органы. 5. Через потовые железы из организма удаляется избыток воды и солей. 6. В коже человека имеется более 2 млн. потовых желез. 7. Каковы строение и функций кожи? 8. Кожа предохраняет от болезнотворных микробов.

4– жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті қосымшасын жалғап көшіріп жазыңыз.

Тері … көлемі 2 текше метрдей. 2. Терінің бұл қабат… май

торлары бар. 3. Май торлары ішкі мүшелерді әр түрлі әсер … сақтайды. 4. Денедегі артық заттар тер арқылы бөлін… . 5. Май бездері тері… майлайды. 6. Тері ағзаны не… қорғайды? 7. Тері не… қатысады? 8. Тері оттегін сіңір… , көмірқышқыл газ… бөледі. 9. Теріде шаш… түбі болады. 10. Үстіңгі қабат жиі жасуша… тұрады.

 

5– жаттығу Мәтінде сын есімдер көп кездеседі. Соларды теріп жазып, сын есімнің шырайлары бойынша түрлендіріп беріңіз. Мысалы: мықты, мықтырақ , мықтылау , өте мықты.

6– жаттығу Қазақ тілінде тері сөзіне қатысты "терісі кең", "терісі қалың" деген фразеологиялық тіркестер қолданылады. "Терісі кең" – ақкөңіл, мейірімді, рахымды адам (добродушный) деген, "терісі қалың" – 1. Сөз ұқпайтын, сөз түсінбейтін ұғымсыз адам (непонятливый), 2. Көнбіс, шыдамды адам (терпеливый; выносливый) деген мағыналарды береді. Осы сөз тіркестерін қатыстырып сөйлемдер құрыңыз.

 

7– жаттығу «Терінің құрылысы және атқаратын қызметі» мәтіні бойынша түсінгеніңізді әңгімелеп беріңіз.