Бастауыштан кейін қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыш арасындағы байланыс интонация тәсілімен болғанда, төмендегі жағдайларға бастауыштан кейін сызықша қойылады.
1) Бастауыш та, баяндауыш та атау септіктегі зат есімнен болғанда: Денсаулық - зор байлық. (мақал).
2)Бастауыш та, баяндауышта зат есімнен заттанған өзге сөз таптарынан болғанда: 1.Үшеудің шеткісі – балалар тәрбиешісі. 2.Ойлап тауып жүрген-жанындағылар.
3)Бастауыш та,баяндауыш та бір сөздің қайталануынан болғанда: Ар жазасы – бар жазадан ауыр жаза. (М.Әуезов)
4)Бастауыштың алдында, не артында ғана, ғой, сияқты шылаулармен тіркесіп келгенде: Ата-ана тілегі – тек ғана бала бақыты.
5)Бастауыш та,баяндауыш та сын есім және сан есімнен болғанда:1.Жақсы – ісімен жақсы.(мақал)
6)Бастауыш сілтеу есімдіктерінен(ал,бұл,осы,сол,мынау,анау,сонау), баяндауыш зат есім немесе заттанған өзге сөз таптарынан болғанда:1 Бұл – біздің ауыл. 2.Осы – мақтанған жақсымыз.
7)Бастауыш тұйық етістіктен, баяндауыш зат есімнен немесе керісінше жағдайда: 1.Ойым – оқуды бітіру. 2.Көркемтану – шебердің ісі.
8)Бастауыш есімше тұлғалы етістіктен (-ған,-ген,-қан,-кен,), баяндауыш не зат есім, не есімше, не есімдіктен болады: 1.Менің білгенім – осы.
2.Айтқаны – көпір мәселесі.
Терінің құрылысы және атқаратын қызметі.
Тері біздің денеміздің сыртқы жабыны. Оның көлемі 2 текше метрдей. Тері үш қабаттан тұрады. Сыртқы қабат – эпидермис көп қабатты эпителий ұлпасынан құралған. Ол үнемі түлеп, жаңарып отырады. Эпидермистің астындағы қабат – дерма ұлпасынан тұрады.Терінің бұл қабатында қан тамырлары, лимфа тамырлары, май және тер бездері болады.
Терінің ең астыңғы қабатында май торлары бар. Май торлары ішкі мүшелерді әр түрлі зақымдаулардан, салқындаудан сақтайды, сондай – ақ энергия қоры болып табылады.
Тері мықты және серпімді болады. Бұл – адамның жеңіл және еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Таза және ауруға шалдықпаған тері денеге әр түрлі микробтардың енуіне жол бермейді. Ағзадағы зиянды заттар, мөлшерден артық тұздар тері арқылы бөлініп отырады. Тер бездері тер бөледі. Бұл денені ысып кетуден сақтайды. Тердегі май бездері май бөледі. Тері майы шырышты және терінің үстін майлайды, теріге жұмсақтық және серпімді қасиет береді. Тері – сезім мүшесі, ол – жүйке талшықтарымен торланған. Сондықтан біз денемізге ыстықтың, суықтың әсерін, оны сипаған және ауру сезімдерін қабылдап, өзімізді күюден, үсуден, жарақаттанудан қорғай аламыз. Тері газ алмасуға қатысады. Оттегін сіңіріп, көмір қышқыл газын бөледі.
Сөздік