Бастауыштың іс-қимылын, іс-әрекетін, сапа-белгісін айқындап, онымен бір тұлғада тұратын тұрлаулы мүшені баяндауыш дейміз.

 

Баяндауыштың негізгі белгілері :

1.Сөйлемді тиянақтап тұрады.

2.Бастауыштың қимылын, іс-әрекетін, жай-күйін көрсетеді.

3.Бастауышпен жақ жағынан,шақ жағынан көпше немесе жекеше қиыса байланысады.

4.Бастауышсыз да кейде сөйлемге ұйытқы бола алады.

5.Баяндауыш қай сөз табынан жасалса, сол сөз табының сұрақтарына жауап береді.

 

Баяндауыштың жасалу жолдары

1.Етістіктен болады: Мәдениет сарайына халық көп жиналады . Биыл егін орағы ерте басталды.

2.Зат есім: Мұрат білікті маман. Қаланың шеті өзен.

3.Сын есім: Талапсыз адам – табансыз . Бүгін күн де бұлтты.

4.Сан есім: Бес жерде бес – жиырма бес. Барлығы - отыза-ақ.

5.Есімдік: Бүгінгі заманның билігі – осыларда. Жауап бермеген – мен.

6.Есім сөздер мен етістіктерден құрама баяндауыштар жасалады: Мұғалімнің алдында қып-қызыл болып кетті.

7.Үстеу: Қызықтың алды жазда. Еитмхан болатын күн - ертең.

Бастауышпен баяндауыштың байланысы

Сөйлемдегі негізгі грамматикалық тұлғалар – тұрлаулы мүшелер, яғни бастауыш пен баяндауыш.

1)Бастауыш пен баяндауыш жақ, шақ жағынан жекеше,көпше түрде қиыса байланысады.Бастауыштың грамматикалық тұлғасына қарай баяндауыш та сол тұлғада тұрады:1.Мен ауылдан келдім. (І жақ, жекеше,жедел өткен шақ). 2.Біз үйге ертең қайтпақпыз. ( І жақ, көпше,мақсатты келер шақ).

2) Интонация арқылы байланысады: 1.Өнер алды - қызыл тіл. (мақал). 2.Бұл – ең қиын сынақ. Бірінші сөйлемде алды (көмекші есім) сөзінен кейін, екінші сөйлемде бұл сілтеу есімдігінен кейін кідіріс жасалады.