Сабақтың тақырыбы : Баяндауыш.

Терінің құрылысы және оның атқаратын қызметі.

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Сөйлемнің тұрлаулы мүшесі баяндауыштың қызметін;

- Баяндауыштың жасалу жолдарын меңгеру;

- Сөздікті қолдана білуді;

- Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;

- Мысалдар келтіре білуді.

 

Дамытушылық:

- Ұлттық мәдениетін қалыптастыру;

- Оқушы бойында әдептілік және адами қасиеттерді қалыптастыру;

- Ойын нақты дұрыс жеткізуге,тапқыр сөйлеуге үйрету;

- Көркем шығарманы оқуға қызығушылықтарын арттыру;

- Өз бетінше ізденуге ;

- Ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету ;

- Жылдам жауап беруге жаттықтыру;

 

Тәрбиелік:

- Оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру;

- Білімгерлерді адамгершілікке тәрбиелеу ;

 

Сабақ уақыты:90 минут

Сабақтың құрылымы:

 

1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин.

5. Сабақты қорытындылау 7 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 4-5 мин.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

1. Бездер нешеге бөлінеді?

2. Сыртқы секреция бездері деген не?

3. Олар қандай қызмет атқарады?

4. Сыртқы секреция бездеріне қандай бездер жатады?

5. Ішкі секреция бездеріне қандай бездер жатады?

6. Сөйлем мүшесі дегеніміз не?

7. Сөйлем мүшелеріне нелер жатады?

 

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

1. Тері деген не?

2. Терінің көлемі қанша?

3. Тері қанша қабаттан тұрады?

4. Сыртқы қабаты қалай аталады?

5. Эпидермистің астыңғы қабаты қалай аталады?

6. Бұл қабатта нелер орналасқан?

7. Терінің астыңғы қабатында не бар?

8. Май торлары қандай қызмет атқарады?

9. Баяндауыш дегеніміз не?

10. Сөйлемде баяндауыштың атқаратын рөлі қандай?

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

 

Үйге тапсырма беру: Баяндауыштың жасалу жолдарын,ережесін айту. «Терінің құрылысы және атқаратын қызметі» мәтінінен түсінгенін әңгімелеу. Мәтінді аудару,жаңа сөздерді жаттау.

 

Баяндауыш