Сыртқы және ішкі секреция бездері.

Ағзадағы бездер негізінен екі топқа: сыртқы және ішкі секреция бездеріне бөлінеді. Сыртқы секреция бездері деп сөл бөліп шығаратын өзектері бар бездерді айтады. Ал ішкі секреция бездерінің сөл бөлетін өзектері болмайды. Сондықтан олар сөлді қанға бөледі. Сыртқы секреция бездеріне сілекей, ұйқы безі және ішек бездері мен бауыр жатады. Бұлар сөлді ас қорыту мүшелеріне бөледі.

Ішкі секреция бездеріне мидың төменгі қосалқы безі (гипофиз) және жоғарғы қосалқы безі(эпифиз), қалқанша без, оның қасындағы бездер, тимус, бүйрек безі жатады. Бұларда түтікше болмағандықтан, олар сөлін қанға бөледі. Адамның тіршілік етіп, өсіп, дамуына ішкі секреция бездерінің маңызы ерекше. Себебі бұл жүйеге жататын бездер гормон бөліп шығарады. Гормон – ішкі секреция безінің қанға бөліп шығаратын биологиялық заттары. Гормондар қан арқылы бүкіл денеге таралады. Және барлық мүшелер мен ұлпалардың қызметін реттеуге қатысады. Ішкі секреция бездерінің қызметі бұзылып, гормондарды аз немесе көп бөлсе, дененің өсуіне, оның дамуына зиянды әсері тиеді, ауру пайда болады. Ішкі секреция бездері дене мүшелерінің атқаратын қызметін және мінез құлық, яғни психологиялық іс - әрекетін қалыптастырады. Ішкі секреция бездері бөлетін гормондар адамның мінез құлқына, іс-әрекетіне әсер етеді.

Сөздік

Төмендегі сөздерді жаттап алыңыз.

Без – железа

Сыртқы – внешний

Ішкі – внутренний

1 – жаттығу.