Сөйлем мүшелерінің негізгі белгілері
1.Сөйлем мүшесі болатын сөздің лексикалық жағынан толық мағынасы болуы шарт(атауыш тұруы керек).
2.Сөйлемдегі басқа сөздермен түрлі грамматикалық байланыста болуы қажет.
3.Сөйлем мүшелері бірінің сұрақтарына жауап беруі керек.
4.Шылау,одағай,көмекші сөздер,қаратпа,қыстырма сөздер жеке тұрып сөйлем мүшелері бола алмайды
5.Сөйлем мүшелерін сөйлем ішінде шартты сызықтармен бөлектеп белгілейді.
6.Сөйлем мүшелері қызметі жағынан беске бөлінеді: бастауыш,баяндауыш,толықтауыш,анықтауыш,пысықтауыш.
7.Сөйлем мүшесі өзінің құрылысына қарай дара жәні күрделі болып келеді
Дара мүше – бір ғана сөзден болатын мүше.Мысалы: Айнұр ерте тұрды.
Екі немесе бірнеше сөздің тіркесінен болған мүшені күрделі мүше дейміз. Мысалы: Ол өзі Арманның сөзін қостағалы тұр еді. Ол сөзі – күрделі бастауыш, қостағалы тұр еді – күрделі баяндауыш.
Үйірлі мүше – жеке тұрып сөйлем болуға қабілетті, бастауыштық-баяндауыштық қатынаста байланысқан, бір ғана сұраққа жауап беретін сөздер тіркесінен тұратын мүше. Мысалы: Білімі мықты мыңды жығады. Білімі мыңды – үйірлі бастауыш.
8.Сөйлем мүшелері тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелері деп жіктеледі
Бастауыш – сөйлемде атау септікте тұрып, баяндауыш анықтайтын іс- қимыл, сапа-белгінің иесі болатын тұрлаулы мүше .
Бастауыштың негізгі белгілері
1.Бастауыш кім? не? кімдер? Нелер? Несі? Кімі? Қаншасы? деген сұрақтарға жауап береді.
2.Атау септікте тұрады.
3. Іс оқиғаның, сапа-белгінің иесін білдіреді.
4.Баяндауышпен жақ жағынан, шақ жағынан жекеше немесе көпше түрде қиыса байланысады.
Бастауыш болатын сөз таптары:
1.Атау тұлғадағы зат есім: 1.Ауыл абыр-сабыр болды. 2.Гүлжан атасына қонаққа келді.
2. Есімдік: 1.Олар – кешке келгендер. 2.Бәрі де осы тоқтамды дұрыс десті.
3.Заттанған сын есім: 1.Үлкен алға жасқана қадам басты. 2. Жарлы болсаң да бол, арлы бол(мақал).
4.Заттанған сан есім: 1.Екеуі оқыған екен. 2.Он беске бөлінеді.
5. Есімше және тұйық етістік: 1.Келген осының жай сапарын айтты. 2. Айту парыздан құтылу емес.