4. Сыртқы секреция бездеріне қандай бездер жатады?

5. Ішкі секреция бездеріне қандай бездер жатады?

6. Сөйлем мүшесі дегеніміз не?

7. Сөйлем мүшелеріне нелер жатады?

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

 

Үйге тапсырма беру: Сөйлем мүшелерінің жасалу жолдарын,ережесін айту. «Сыртқы және ішкі секреция бездері» мәтінінен түсінгенін әңгімелеу. Мәтінді аудару,жаңа сөздерді жаттау.

 

 

Сөйлем мүшелері.

 

Сөйлем мүшелері - сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер.

 

Сөйлем мүшесі болу үшін:

1.толық мағыналы сөз болуы керек;

2.сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып тұру керек;

3.белгілі бір сұраққа жауап беруі керек.

 

Сөйлем мүшелері тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелер (анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш) болып екіге бөлінеді.

 

Түрлері:

Сөйлем мүшесі Сұрақтары
1 Сөйлемде айтылған ойдың иесі болатын мүшені бастауыш (подлежащие) деп атайды. Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімім? Нем? Кімің? Нең? Кімі? Мысалы: Құрмаш (кім?) бұл сөзге көнбеді. Жолдасым (кімім?) институтта оқиды.
2 Сөйлемде тиянақты тұратын мүшені баяндауыш (сказуемое) деп атайды. Не істеді? Қайтпек? Не болды? Қалай? Қандай? Кімдікі? Нешеде? Мысалы: Енді Кәкітайға разылық жүзбен сөйледі. Тәкежан ұлына қарсы шауып шықты.
3 Сөйлемде басқа мүшелердің сын-сипатын анықтап тұратын тұрлаусыз мүшені анықтауыш (определение) дейміз. Қандай? Қай? Кімнің? Ненің? Қанша? Неше? Мысалы: Бұл қалада білімді, мәдениетті, ақылды азаматтар көп тұрады. Менің ағам университеттің төртінші курсында оқиды.
4 Сөйлемдегі ойды толықтырып тұратын тұрлаусыз мүшені толықтауыш(дополнение) дейміз. Кімге? Неге? Кімді? Нені? Кімнен? Неден? Кімде? Неде? Кіммен? Немен? Мысалы: Қала Раушанға жат. Мәрия Бәкенді де үйіне алып жүрді.
5 Сөйлемде іс-қимылдың түрлі белгісін (мекенін, мезгілін т.б.) анықтайтын тұрлаусыз мүшені пысықтауыш (обстоятельства) дейміз. Қашан? Қалай? Неге? Не себепті? Қайда? Қайдан? Не мақсатпен? Не үшін? Неліктен? Қайтіп? Мысалы: Ақтардың бір қосын әскері Танабайдың аулына қарай бөлек шығып келе жатты. Қыс түсе менің жұмысым екі есе көбейді. Бір Демежан үшін мен өзімді құрбандыққа шалуға әзірмін.