Сабақтың тақырыбы : Сөйлем мүшелері. Бастауыш.

Сыртқы және ішкі секреция бездері.

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу. Сабақтың мақсаты:

 

Білімділік:

- Жаттығу жұмыстары арқылы сөздердің байланысу түрі матасуды студенттерге меңгерту;

- Матасудың жасалу жолдарын меңгеру;

- Сөздікті қолдана білуді;

- Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;

- Мысалдар келтіре білуді.

 

Дамытушылық:

- Мәтінмен жұмыс істей отыра, оқушының ойлау қабілетін шапшаңдығын, тез шешім табуын ұштау;

- Оқушылардың сөздік қорын молайту;

- Ой- қиалына ерік бере отырып, өзінше ойын түйіндеуге бағыттау ;

- Оқу материялынан ең бастысы табу, талдау, салыстыру, ойлау қабілеттерін дамыту;

- Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

Тәрбиелік:

- Оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру;

- Білімгерлерді адамгершілікке тәрбиелеу ;

 

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

 

1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин.

5. Сабақты қорытындылау 7 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 4-5 мин.

 

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

· Жанасудың жасалу жолдарын айтыңыз.

· Мәтіннен жанаса байланысқан сөйлем түрлерін көрсетіңіз.

· Жүйке жүйесі қалай бөлінеді?

· Ми неше бөліктен тұрады?

· Автаномиялық жүйке жүйесі дегеніміз не?

· Жұлынның қызметі қандай?

 

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

 

1. Бездер нешеге бөлінеді?

2. Сыртқы секреция бездері деген не?

3. Олар қандай қызмет атқарады?