Қазақ тілінде жүйке сөзіне қатысты фразеологизмдер жиі кездеседі.

Мысалы: "жүйкеге тию", "жүйкесі босау" т.б.

Жүйкеге тию – біреудің мазасын алу, біреуді шаршату (играть на нервах) деген мағынаны, ал жүйкесі босау – көңілі босау (растрогаться) деген мағынаны білдіреді. Осы сөз тіркестерін қатыстырып сөйлемдер құрыңыз.

 

8 - жаттығу.

Мәтінді тірек ете отырып жүйке жүйесі туралы ә ң гімелеп бері ң із.

Тест

Сөйлемнің байланысу тәсілдері 15

 

1. Қазақ тілінде сөздердің байланысу тәсілдері нешеу?

А) 3

В)2

С)4

Д)5

Е)6

1. Сөйлемдегі қиыса байланысқан тіркес қайсысы?

Дәмеш кемпір сол қолына ұстаған үлкен шортанды отырғандарға мақтана көрсетті.

А)сол қолына

В)шортанды көрсетті

С)мақтана көрсетті

Д)Дәмеш кемпір көрсетті

Е)қолына көрсетті

 

2. Жанаса байланысқан сөз тіркесін белгілеңіз.

А)жүрек сыры

В)кітаптың пайдасы

С)сен айттың

Д)достарды аңсау

Е)кешке дейін келу

4.Матаса байланысқан сөз тіркесін табыңыз.

А)ұстазға бас ию

В)озат оқушы

С)әдейі айттым

Д)ол сөйледі

Е)ауылдың жаны

5. Меңгере байланысқан сөз тіркесін табыңыз.

А)көл түсті

В)балалық дәурен

С)олар оқушы

Д)Досыма бердім

Е)мен көрдім

6.Қабыса байланысқан сөз тіркесін табыңыз.

А)білімнің шыңы

В) балалық дәурен

С)қыз қылығымен

Д)өмірді сүю

Е)бізге арналған

7. Меңгеруді көрсетіңіз.

А)құлынды бие

В)Қобыланды батыр

С)арды сақта

Д)әдейі келді

Е)ол барған-ды

8. Орын тәртібі арқылы байланысқан сөз тіркесін анықтаңыз.

А)өзен жағасымен

В)одан бұрын келді

С)Ертіс арқылы

Д)болашақ қала

Е)жыл сайын

9. Жалғау арқылы байланысқан сөзді табыңыз.

А)батыр жігіт

В)қалың орман

С)үйге кіргізу

Д)бірте-бірте түсіну

Е)ұсақ жәндік

10. Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын көрсетіңіз.

А)мұражайға саяхат

В) әр уақытта

С)бас киім

Д)оқыған соң ұғу

Е)бал арасы

11. Сөздердің жалғау арқылы байланысын көрсетіңіз.

А)жаздық көйлек

В)бұл-мұражай

С)жаманнан жирен

Д)киіз үй

Е)саумал бие

12.Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысып тұрған тіркесін көрсетіңіз.

А)бекерге қиналу

В)орта мектеп

С)Қазыбектің жоспары

Д)Жиналыстан кейін келді

Е)дәл өзі

13.Қабысуды табыңыз.

А)желмаяға міну

В)бұлақтың басы

С)көк аспан

Д)театрдан келу

Е)олар үшін босатылған

14.Орхон-Енисей ескерткіштерінде сөздер неше тәсіл арқылы байланысқан?

А)5

В)4

С)3

Д)2

Е)6