Мәтін бойынша қанны ң атқаратын қызметін жеке-жеке көрсетіп жазыңыз.
1. Қан оттегін өкпеден жасушаларға тасиды.
2. …
3. ….
4. …
5. …
6. …
3 - жаттығу.
Төмендегі сөйлемдерді қазақ тіліне аудары ңыз.
1. Кровь выполняет транспортную функцию. 2. Она приносит к клеткам всех органов питательные вещества и кислород. 3. Кровь обеспечивает защитные реакции организма от инфекций. 4. В плазме находятся клетки крови – эритроцит; лейкоциты и тромбоциты. 5. Плазма в основном состоит их воды. 6. Вода составляет в плазме около 90%, остальные 10%– это белки, жиры, глюкоза, минеральные соли и другие вещества. 7. В легких кровь осбовождается от углекислого газа.
4- жаттығу.
Мәтін бойынша сұрақтар әзірлеңіз, сұрақтарыңыз бен жауаптарыңызды дәптерге жазыңыз. Құрмалас сөйлемдердің құрылымын өзгертіп, жай сөйлем жасаңыз.
5- жаттығу.
Қанның қызметі мәтіні бойынша түсінгеніңізді әңгімелеп беріңіз.
6- жаттығу.
Мәтін бойынша кездесетін төмендегі сөздердің синонимін немесе мағынасы жақын сөздерді табыңыз.
зор, қызмет атқару, жарақаттанғанда, әрекеті, қоректендіру.
Сабақтың тақырыбы: Жанасу. Жүйке жүйесі.
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Жаттығу жұмыстары арқылы сөздердің байланысу түрі жанасуды студенттерге меңгерту;
- Жанасудың жасалу жолдарын меңгеру;
- Сөздікті қолдана білуді;
- Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;
- Мысалдар келтіре білуді.
Дамытушылық:
- Өз бетінше ізденуге ;
- Ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету ;
- Өз ойын еркін жеткізуге баулу;
- Жылдам жауап беруге жаттықтыру;
Тәрбиелік:
- Оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру;
- Білімгерлерді адамгершілікке тәрбиелеу ;
Сабақ уақыты:90 минут.
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин.
5. Сабақты қорытындылау 7 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 4-5 мин
III.Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
· Қабысу дегеніміз не?
· Қанның қызметтерін атаңыз.
· Адамда қанша қан болады?
· Қанның құрамы қандай?
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
1) Жүйке жүйесі нешеге бөлінеді?
2) Жұлын қайда орналасқан?
3) Жұлын қандай қызмет атқарады?
4) Жұлынның диаметрі қанша?
5) Жұлын мен ми арасындағы байланыс қай кезде үзіледі?
6) Жанасу дегеніміз не?
7) Жанасуға бес мысал келтір.
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
· Өткен тақырып бойынша бағалау;
· Жақсы жауаптарды ескеру;
· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
· Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:Жанасудың жасалу жолдарын,ережесін айту. «Жүйке жүйесі» мәтінінен түсінгенін әңгімелеу. Мәтінді аудару,жаңа сөздерді жаттау.
Жанасу.
Жүйке жүйесі
Жүйке жүйесі мидан және жұлыннан құралады.
Жүйке жүйесі мүшелердің жұмысын реттеп отырады және ағзаның біртұтастығын қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесі арқылы адам өзінің айналасындағы ортаны танып, біліп, зерттеп және өзгертуге белсене қатысады.
Жүйке жүйесі орталық,аймақтық болып екіге бөлінеді. Орталық бөлім ми және жұлыннан құралады. Аймақтық ми бөліміне жүйкелер мен жүйке түйіндері жатады.
Жұлын омыртқа жотасының өзегіне орналасады. Оның диаметрі 1см. Жұлынның ортасында сұйықтыққа толы жұлын өзегі болады. Жұлынның қызметін ми реттеп отырады. Жұлын негізінен рефлекстік және өткізгіштік қызмет атқарады.
Жұлын зақымданғанда өткізгіштік және рефлекстік қызметтері жойылып кетеді. Жұлын мен ми арасындағы байланыстар үзіледі.
Ми бас сүйек қуысында орналасады. Оның орташа салмағы 1300-1400г. Адамның миы 20 жасқа дейін өседі.Ми бес бөліктен тұрады: үлкен ми сыңарлары, аралық ми, ортаңғы ми, мишық, сопақша ми. Бұлардың атқаратын қызметі әр түрлі болғанымен, бір – бірімен тығыз байланысты.
Жүйке жүйесінің бір бөлігі қаңқа бұлшық еттерінің қызметін реттейді, ол соматикалық жүйке жүйесі деп аталады.Соматикалық жүйке жүйесі арқылы адам іс - әрекетті меңгереді, яғни өз еркімен қимылдайды немесе қозғалысты тоқтатады. Жүйке жүйесінің бір бөлігі ішкі мүшелердің жұмысын реттейді, ол автономиялық жүйке жүйесі деп аталады. Автономиялық жүйке жүйесінің қызметі адам еркіне бағынбайды. Мысалы: жүректі тоқтатуға, астың қорытылуын тездетуге болмайды.
Сөздік
Төмендегі сөздерді жаттап алыңыз:
біртұтас – единое; целое
реттеу – регулировать
аймақтық – периферический
айналадағы орта- окружающая среда
тану – познание; узнать
зерттеу – изучать
жүйке түйіндері – нервные узлы
жұлын – спинной мозг
омыртқа жотасы – позвоночный канал
өзек – проток; ствол
сұйықтық – жидкость
өткізгіштік қызмет – проводниковая функция
зақым – травма
жойылу – уничтожение
мишық – мозжечок
сопақша ми – продолгаватый мозг
меңгеру – управлять
1- жаттығу.
Мәтін бойынша мына сұрақтарға жауап беріңіз.
Жүйке жүйесі қандай қызмет атқарады?
Жүйке жүйесі нешеге бөлінеді?
Жұлын қайда орналасқан?
Жұлын қандай қызмет атқарады?
Жұлынның диаметрі қанша?
Жұлын мен ми арасындағы байланыс қай кезде үзіледі?
Ми қайда орналасады?
Соматикалық жүйке жүйесі қандай қызмет атқарады?
Автономиялық жүйке жүйесі қандай қызмет атқарады?
2- жаттығу.