Үйге тапсырма беру: Қабысу. « Қанның қызметі» мәтіні.

Қабысу.

 

.

Қанның қызметі

Қанның атқаратын маңызы орасан зор. Онсыз адам өмір сүре алмайды. Қан тамырмен бойлай ағып, көптеген қызмет алмайды. Қан тамырмен бойлай ағып, көптеген қызмет атқарады. Ол оттегін өкпеден жасушаларға тасып, оның орнына көмір қышқыл газын тыныс алу мүшелеріне жеткізеді. Сөйтіп, тыныс алу қызметін атқарады. Ас қорыту мүшелеріндегі қоректік заттарды өзіне сіңіріп, денеге таратады. Бұл – қоректендіру қызметі. Жасушалардағы пайда болған, оның тіршілігіне керексіз заттарды зәр шығару жүйесіне жеткізеді. Қан, сондай – ақ, су мен минералды заттардың көлемін және дене қызуының бір қалыпты болуын сақтайды. Қан денені жұқпалы аурулардан қорғайды, мүшелерді өзара байланыстырады. Ол 23 секунд ішінде денені бір рет айналып шығады. Осы уақытта өзінің барлық қызметін атқарып үлгереді. Қан мен қан айналымының адам өмірін сақтауда, оның әрекетінде де маңызы зор.

Қанның құрамы сұйық плазмадан және оның ішінде қалқып жүретін жасушалардан (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) тұрады. Ересек адамда 4,5 – 5л қан болады. Мұның 22 – 60% - ы плазма және 40 – 45% - ы қан жасушалары. Плазманың құрамында 90 – 92% су, 8 – 10% минералды және органикалық заттар бар. Минералды заттардың ішінде 1% натрий, калий, кальций, магний, темір және хлор, күкірт, йод, фосфор аниондары болады.

Сөздік

«Қанның қызметі» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздерді жаттап алыңыз.

Тасу – транспортировать; носить:

Жеткізу – доставлять, доставит.

Тарату – распространить

Коректендіру – питать, кормить

Көлем – объем

Көмір қышқыл газ – углекислый газ

Күкірт – сера

 

 

1 – жаттығу.

Қазақ тілінде қан сөзіне қатысты көптеген сөз тіркестері бар.

Мысалы: қаны қызу – қызба (адам),

Қаны басына шабу – қатты ашулану,

Қандас туыс – бір қаннан тараған адамдар деген мағынаны білдіреді. Осы сөз тіркестерімен сөйлем құрыңыз.

2- жаттығу.