Сабақтың тақырыбы: Қабысу. Қанның қызметі.

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу. Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Жаттығу жұмыстары арқылы сөздердің байланысу түрінің бірі қиысуды студенттерге меңгерту;

- Ауызекі сөйлеу тілін;

- Медицина термин сөздердің қазақша баламасын;

- Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;

Дамытушылық:

- Өз бетінше ізденуге ;

- Ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету ;

- Өз ойын еркін жеткізуге баулу;

- Жылдам жауап беруге жаттықтыру;

-Сөздікті қолдана білуді

Тәрбиелік:

 

- Білімгерлерді адамгершілікке тәрбиелеу ;

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин.

5. Сабақты қорытындылау 7 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 4-5 мин.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

· Қан тамырлары нешеге бөлінеді?

· Күре тамырлар қандай тамырлар?

· Қолқа дегеніміз не?

· Қыл тамырлардың қызметі қандай?

· Меңгеру дегеніміз не?

 

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

1) Қабысу дегеніміз не?

2) Қабыса байланысқан сөздерді мәтіннің ішінен тап.

3) Қабысудың сұрақтары қандай?

4) Қанның қызметі қандай?

5) Қанның құрамы қандай?

6) Қанның жетіспеушілігі қандай ауруға душар етеді?

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою