Төмендегі сөздерді жаттап алыңыз.

Күре тамыр – артерия

Көк тамыр – вена

Қыл тамыр – капилляры

Қаныққан – насыщенный

Алқызыл – алый, румяный

Қолқа – аорта

Қысым – давление

Ағу – протекать

Тарамдалу – разветвление

Шамамен – приблизительно

Серпімді – упругий

Шақырым – километр

 

1 – жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қан тамырлары нешеге бөлінеді? Қалай аталады?

2. Күре тамырлардың түсі қандай?

3. Жүрек жиырылғанда қан қай тамырмен ағады?

4. Ең үлкен күре тамыр қалай аталады?

5. Күре тамыр қай жерден басталады?

6. Күре тамырдың қабырғасы қандай болады?

7. Адам ағзасында қанша қыл тамыр бар?

8. Қыл тамырдың жалпы ұзындығы қанша?

9. Қыл тамыр қандай қызмет атқарады?

10.Қанның түсі неліктен өзгереді?

11.Көк тамырда қан қысымы қандай болады?

12.Көк тамыр қандай тамыр?

13.Көк тамыр қандай қызмет атқарады?

14.Денедегі қанды жүрекке қуатын қан қалай аталады?

2- жаттығу.Төмендегі сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

1. Кровь движется только в одном направлении: от предсердий к желудочкам. 2. Из желудочков кровь выталкивается в сосуды. 3. Артерии – это сосуды, по которым кровь движется от сердце. 4. Артерии имеют плотные упругие эластичные стенки. 5. Вены – сосуды по которым кровь дивжется к сердцу. 6. Крупные артерии от сердца ветвятся. 7. Движение крови по сосудам называют кровообращением. 8. Сокращаясь, сердце выбрасывает в артерии кровь под большим давлением.

3- жаттығу.Мәтін бойынша септік жалғаулары жалғанған сөздерді теріп жазып, құрамын анықтаңыз. Мысалы, тамырларына – тамыр – түбір, -лар – көптік жалғау, -ы – тәуелдік жалғау (ІІІж), -на – барыс септік.

4- жаттығу.Оң бағандағы етістіктермен сол жақтағы керекті сөздерден (сұрақ арқылы) сөз тіркесін жасаңыз. Солардың үшеуімен сөйлем құрыңыз.

көк тамырға айдау (қалай?)

жүрекке тасу (нені?)

қанның түсі айналу (неге?)

жылдам құю (қайда?)

мықты болу (қандай?)

оттегін өзгеру (несі?)

 

5- жаттығу.

1-тапсырмада берілген сұрақтарды басқаша (керісінше) құрыңыз. Мысалы: "Күре тамыр қай жерден басталады? деген сұрақты керісінше "Жүректі” сол құлақшасынан қандай тамыр басталады?" деп өзгертуге болады.

6- жаттығу.

"Қан тамырлары" мәтіні бойынша түсінгеніңізді әңгімелеп беріңіз.