7 - жаттығу.Мәтіннен қашан деген сұраққа жауап беретін сөз тіркестерін тауып, жасалу жолын түсіндірі ң із.
8 - жаттығу.Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінен 3 (үш) сөйлем құрыңыз:
Менің жүрегім, денсаулығыңыз, жұмысы.
Сабақтың тақырыбы: Меңгеру. Қан тамырлары.
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу. Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Жаттығу жұмыстары арқылы сөздердің байланысу түрінің бірі меңгеруді студенттерге меңгерту.
-Жаңа сөздерді дұрыс қолдана білуді;
-Жаңа мәтін бойынша анатомиялық атаулардың қазақша баламасын;
Дамытушылық:
- Өз бетінше ізденуге ;
- Ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету ;
- Өз ойын еркін жеткізуге баулу;
- Жылдам жауап беруге жаттықтыру;
-Сөздікпен жұмыс жасауды;
Тәрбиелік:
- М.Мақатаевтың «Мен донормын» өлеңі арқылы өзгеге көмекке шақыру;
- Білімгерлерді адамгершілікке тәрбиелеу ;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин.
5. Сабақты қорытындылау 7 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 4-5 мин.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
· Жүректің қызметі қандай?
· Жүрек неше қабаттан тұрады?
· Эпикард дегеніміз не?
· Миокард дегеніміз не?
· Матасу дегеніміз не?
· Мәтіннен матаса байланысқан сөйлемдерді табыңыз?
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
1) Меңгеру дегеніміз не?
2) Меңгере байланысқан сөздерді мәтіннен тап.
3) Меңгеруге бес мысал айт.
4) Артерия дегеніміз не?
5) Капиляр дегеніміз не?
6) Вена дегеніміз не?
7) Қан тамырларының қысымдары қандай?
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
· Өткен тақырып бойынша бағалау;
· Жақсы жауаптарды ескеру;
· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
· Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:Қан тамырлары нешеге бөлінеді. Артерияға сипаттама бер. Капиляллар дегеніміз не? Венаның қысымы қандай. Меңгеру дегеніміз не?Меңгеруге бес мысал келтір.
Меңгеру.
![]() |
Қан тамырлары
Қан тамырларына күре тамырлар, көк тамырлар, қыл тамырлар жатады. Күре тамырлар мен көк тамырлар аралығында қыл тамырлар бар. Оттегіне қаныққан алқызыл түсті қан күре тамырлармен ағады. Жүрек жиырылғанда қанды күре тамырларға үлкен қысыммен айдайды. Ең үлкен күре тамыр қолқа деп аталады. Күре тамыр жүректің сол жақ құлақшасынан басталады. Онда қан жоғары қысыммен ағады. Күре тамырдың қабырғасы қалың, мықты және серпімді болады. Күре тамырлар бұлшық етке батыңқырап орналасады да, тарамдалып қыл тамырларға бөлінеді, қыл тамырлар арқылы зат алмасу әрекетіне қатысады. Адам ағзасында 150 млд – тай қылтамыр бар. Қыл тамырлар қабырғасы арқылы оттегіні ұлпаға, жасушаларға тасып, олардан көмір қышқыл газын сіңіреді. Сондықтан қанның құрамында оттегі азаяды да, көмір қышқыл газы көбейеді. Қанның түсі өзгеріп, көк тамыр қанына айналады. Қан қыл тамырдан көк тамырға өтеді де, одан соң жүректің оң жақ құлақшасына келіп құяды. Көк тамырда қан қысымы төмен болады.
Күре тамыр – жүректен шыққан қанды денеге тарататын тамыр. Денедегі қанды жүрекке қуатын тамыр – көк тамыр, бұл қанның құрамында оттегі аз , көмір қышқыл газы көп. Ал қыл тамырлар – зат алмасу жүретін өте ұсақ тамырлар. Қыл тамырлардың бәрін қосқанда жалпы ұзындығы 100 000 шақырымға дейін жетеді.
Сөздік