1 – жаттығу.
«Жүректің құрылысы» мәтіні бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Жүрек қайда орналасқан?
2. Жүректің салмағы қандай?
3. Адамның жүрегі неше бөліктен тұрады?
4. Құлақша мен қарынша не арқылы байланысады?
5. Жүректің жұмысы қандай?
6. Жүрек жұмысы неше кезеңнен тұрады?
7. Жүрек жиырылғанда не істейді?
8. Жүректің жиырылып, босаңсуын не деп атайды?
9. Қай кезде адамның жүрегі баяу соғады, қай кезде жылдам соғады?
2 – жаттығу.Төмендегі сөздерге тәуелдік жалғауын жалғаңыз.
Жүрек, дәрігер, жұмыс, денсаулық, ағза.
3- жаттығу.Мәтінді оқып,оны орыс тіліне аударып, мазмұнын айту.
4- жаттығу.Төмендегі жүрек сөзіне қатысты сөздер мен сөз тіркестерін есіңізге сақтаңыз және сол сөздермен сөйлем құрыңыз
.
Жүректі – батыл, батыр, күшті
Жүрексіз – 1. қайырымсыз (бессердечный) 2. қорқақ (трусливый)
Жүрексіну – қорқу (робеть)
Жүрегі жарыла қуану – қатты қуану
Ақ жүрек – қайырымды (доброжелательный)
Қара жүрек – зұлым, қайырымсыз (жестокий) деген мағынаны білдіреді.
5- жаттығу.«Жүректің құрылысы» мәтіні бойынша бірнеше сұрақтар әзірлеңіз.
6- жаттығу.Төмендегі сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.
Сердце расположено в грудной полости. 2. Его масса у
взрослого человека составляет 250-300 г. 3. Строение сердца соответсвует его функции. 4. Сердце у человека состоит из двух предсердий и двух желудочков. 5. Из желудочков кровь выталкивается в сосуды. 6. Сокращение желудочков продолжается приблизительно 0,3 с. 7. Каждый удар пульса соответсвует одному сердечному сокращению.