Жүректің құрылысы

Жүрек кеуде қуысының сол жағына жақын орналасады. Ересек адамның жүрегінің салмағы 250-300 г. Жүрек бірнеше қабаттан тұрады. Бірінші қабаты өте жұқа қабықша эпикарт деп аталады. Екінші қабаты бұлшық еттерден тұрады. Мұны миокард деп атайды. Үшінші қабаты жүректің ішкі жағы, оны эндокард дейді. Бұл қабаттың астында өте көп жүйке талшықтары орналасады.

Адамның жүрегі төрт бөліктен тұрады: екі құлақша, екі қарынша. Құлақша мен қарыншалар қақпақшалар арқылы байланысады. Қақпашалар тек қарынша жаққа ғана ашылады да, қанның құлақшадан қарыншаға еркін өтуіне мүмкіндік жасайды, сондықтан ол кері қарай ақпайды, үнемі алға қарай ағады.

Жүректің жұмысы өте күрделі. Жүрек жұмысы үш кезеңнен тұрады: құлақшаның жиырылуы, босаңсуы және үзіліс. Жүрек жиырылғанда өзінен қанды айдайды. Босаңсу және үзіліс кезеңдерінде жүрекке қан келіп, оның құлақшалары қанға толады және жүрек тынығады.

Ересек адамның жүрегі минутына 70 – 75 рет жиырылып, босаңсиды. Мұны жүректің жұмысы немесе соғуы дейді. Егер жүрек жылдам соқса, онда қан жылдам айналады.Жүректің соғуы адамның денсаулығына, оның еңбек етуіне,айналадағы жағдайларға және тағы басқа әсерлерге байланысты. Адам ұйықтағанда жүрегі баяу соғады, ал дене еңбегі кезінде жылдам соғады. Жүректі кардиология ғылымы зерттейді.

Сөздік

«Жүректің құрылысы» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз.

Ересек - взрослый

Қабат - слой

Талшық – волокна

Құлақша – предсердие

Қарынша – желудочек

Еркін – свободно

Қақпақша – клапан

Кері – обратно

Үнемі – всегда

Жиылу – сокращение;сжиматься

Босаңсу – расслабление

Үзіліс – перерыв; пауза

Ұлпа – ткань

Жасуша – клетка

Жүрек соғуы – удар пулься; сердцебиение