Сабақтың тақырыбы: Матасу. Жүректің құрылысы.

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Жаттығу жұмыстары арқылы сөздердің байланысу түрі матасуды студенттерге меңгерту;

- Матасудың жасалу жолдарын меңгеру;

- Сөздікті қолдана білуді;

- Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;

- Мысалдар келтіре білуді.

Дамытушылық:

- Саяси саналылығы мен таным белсенділігін арттыру;

- Қоғамдағы заңдарды білуге, оны құрметтеуге баулу;

- Зат есім туралы білімдерін тереңдету;

- Сауатты жазу дағдысын қалыптастыру;

Тәрбиелік:

- Оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру;

- Білімгерлерді адамгершілікке тәрбиелеу ;

 

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин.

5. Сабақты қорытындылау 7 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 4-5 мин.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

· Қиысу дегеніміз не?

· Қиысудың жасалу жолдары.

· Адам қаңқасы дегеніміз не?

· Бұлшық еттің қызметі қандай?

· Он екі жілікті ата?

· Қысқа сүйектерге қай сүйектер жатады?

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

1) Матасу дегненіміз не?

2) Матасуға бес мысал келтір.

3) Мәтіннің ішінен матасуды тап.

4) Матаса байланысқан сөздерді қай жерде қолданамыз.

5) Жүрек неше бөліктен тұрады?

6) Жүректің құрылысы неден тұрады?

7) Жүректің түр сипаты қандай?

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру: Жүректің құрылысын сипаттап бер. Жүректің құрылысына қандай мүшелер жатады. Матасу дегеніміз не? Матаса байланысқан тіркестерді мысалға келтір.

 

 

Матасу.