Сабақтың тақырыбы: Қиысу. Адам қаңқасы.
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Жаттығу жұмыстары арқылы сөздердің байланысу түрінің бірі қиысуды студенттерге меңгерту;
- Сөздікті қолдана білуді;
- Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;
Дамытушылық:
- Өз бетінше ізденуге ;
- Ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету ;
- Өз ойын еркін жеткізуге баулу;
- Жылдам жауап беруге жаттықтыру;
-Сөздікпен жұмыс жасауға;
Тәрбиелік:
- Оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру;
- Білімгерлерді адамгершілікке тәрбиелеу ;
Сабақ уақыты:90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин.
5. Сабақты қорытындылау 7 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 4-5 мин.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
· Жай сөйлемнің түрлерін ата?
· Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
· Арал теңізі туралы не білесіз?
· Арал теңізінің экологиялық жағдайы.
· Арал теңізінің тартылуы салдарынан туындаған ауруларды атаңыз?
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
1) Қиысу дегеніміз не?
2) Қиысуға бес мысал келтір.
3) Қиысудың сөйлемдегі орны.
4) Қиысуды қандай жағдайларда қолданамыз.
5) Адам қаңқасы дегеніміз не?
6) Адам қаңқасының маңызы қандай?
7) Адам қаңқасының құрылысын айт.
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
· Өткен тақырып бойынша бағалау;
· Жақсы жауаптарды ескеру;
· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
· Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру: : қиысу, адам қаңқасы мәтінінен түсінгенін айту.
Қиысу.
Адам қаңқасы
Бас сүйегі – ми сауыты мен бет сүйегі бөлімдерінен тұрады. Ми сауыты жұмыртқа тәрізді. Оның ішінде ми болады. Ми сауыты өзара қимылсыз байланысқан сүйектерден құралады. Оларға төбе мен самай, маңдай және шүйде (қарақұс), жақ сүйектері жатады. Бет сүйектері жұп: үстіңгі және астыңғы жақ сүйектерден, мұрын таңдай, көз ұясы, тіл асты сүйектерінен тұрады. Бұлардың ішінде тек астыңғы жақ сүйек қана қимылдайды.
Тұлға қаңқасы омыртқа жотасынан, қабырғалардан және төс сүйегінен тұрады. Омыртқа жотасы мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйымшақ болып бөлінеді. Омыртқа жотасы 33 – 34 омыртқадан құралады.Омыртқалар бірігіп жұлын өзегін түзеді.
Он екі жұп қабырғалар кеуде қуысын құрайды.
Иық белдеуі - иық және қол сүйектерінен тұрады. Иық белдеуі арқылы қол сүйектері денемен байланысады. Бұғана мен жауырын бірігіп иық белдеуін құрайды. Кеуденің сыртқы жағына орналасқан жалпақ, үшбұрышты сүйек жауырын деп аталады. Қол сүйектері екі ұзын сүйектен: тоқпан жілік пен кәрі жіліктен (шынтақ сүйек, шыбық сүйек) тұрады. Білезік сүйек, алақан сүйек және саусақ және саусақ сүйектері – қол басы сүйектері болып саналады. Білезік сүйектері қолдың басын қозғалтады.
Жамбас белдеуі – жалпақ жамбас сүйегінен тұрады.
Сөздік