6-жаттығу.Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.

1. Ақ көңіл мен адал ниеттен туған іс әсем болмаса да сүйкімді. Айла мен арамдықтан туған іс, әдемі болса-жиіркенішті.

2. Кей адам кілт етпе келеді. Бірақ ол мінез жас балаға, сұлу әйелге ұлы адамға жарасады. Бұл үшеуінен басқаға біткен қыңырлық-қырсықпен тең.

3. Өзің жақсы болсаң- айналаңда досың көп; жаман болсаң- жалғыз жүресің; орташа болсаң-сен де бір жақсының жанын жағалайсың.

4. Досты сырттан іздеме, жақыннан ізде, өзіңнің ішіңнен, ішкі дүниеңнен ізде. Жаның жақсы, жүрегің жылы, ақылың парасатты болса- іздеген досың алыстан өзі келеді.

7-жаттығу. Сөйлем дер ді анықтаңыз.

А) Ағасы-ау,қойсаңызшы!

В) Шаршамайды!

С) Мұны бастаған кім?

Д) Қап, қу бала!

Е ) Япыр-ай,ә!

 

Тест сұрақтары

 

1. Сен «Абай жолы» романын оқыдың ба? Сөйлемнің қай түрі екенін белгілеңіз

А) Бұйрықты В) Хабарлы С) Лепті D) Сұраулы Е) Жай

 

2. Лепті сөйлем соңында қандай белгі қойылатынын табыңыз

А) Сұрақ белгісі В) Нүкте С) Леп белгісі D) Үтір Е) Қос нүкте

 

3. Сөйлем түрін анықта. Қоңырау соғылды, оқушылар үзіліске шықты.

А) Жай сөйлем В) Аралас құрмалас сөйлем С) Сабақтас құрмалас сөйлем

D) Лепті сөйлем Е) Салалас құрмалас сөйлем

 

4. Сөйлемнің түрін белгіле. Біз Абай көшесінде тұрамыз.

А) лепті В) бұйрықты С)хабарлы D) сқраулы Е) құрмалас

 

5.Сөйлемді айтылу мақсатына қарай анықтаңыз.

Ойпаттар дегдіп, қыраттар кебе бастады

A) Салалас сөйлем.

B) Жай сөйлем.

C) Лепті сөйлем.

D) Хабарлы сөйлем.

E) Сұраулы сөйлем.

 

6. Арнаулы интонация болмайтын сөйлем атауын көрсетіңіз.

A) Лепті сөйлем.

B) Бұйрықты сөйлем.

C) Сұраулы сөйлем.

D) Диалогтық сөйлем.

E) Хабарлы сөйлем

 

7.Бұл сөйлем айтылу мақсатына қарай қандай сөйлем?

А) сұраулы сөйлем

Ә) хабарлы сөйлем

Б) бұйрықты сөйлем

В) лепті сөйлем

8.Ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларының қатысуымен жасалатын сөйлемді

анықтаңыз.

A) Сүраулы сөйлем.

B) Хабарлы сөйлем.

C) Бұйрықты сөйлем.

D) Лепті сөйлем.

E) Жай сөйлем.

 

9.Лепті сөйлемді анықтаңыз.
A) Па! Шіркіннің сөзі!
B) Мынау қоян жепті ғой.
C) Не күдігіңіз бар еді?
D) Қандай айғақ таптыңыз?
E) Ертең қызық болады.


10.Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз.
A) Алатаудың көркін айтсаңшы, шіркін!
B) Ауылға ақындар келді.
C) Мен шебер бола алар ма екенмін?
D) Осы жағдай сенің де есіңде болсын.
E) Мәселесі шешілді.

 

11.Сұраулы сөйлемді анықтаңыз.
A) Ол бізге келмеді.
B) Ол бір қызық дәуір екен.
C) Үйде пеш жоқ.
D) Десятниктерің кім.
E) Пай-пай, мына аттың семізін-ай.

 

12.Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.
A) Осының бәрі рас.
B) Беу шіркін, таудың күйі, тастың күйі.
C) Адамнан мықты не бар екен.
D) Бала қарсы айтуға сөз таба алмады.
E) Оралым менің, Оралым.

 

13.Хабарлы сөйлемнің ерекшелігін белгілеңіз.
A) Іс-әрекеттің белгілі бір шақта жүзеге асатындығын білдіреді.
B) Жетек сұрақтар арқылы жасалған сөйлем.
C) Ерекше эмоциямен айтылатын сөйлем.
D) Көңіл-күйді білдіретін сөйлем.
E) Бұйрық не шартты райға –шы, -ші жұрнағының жалғануы арқылы жасалған сөйлем.


14.-ақ, -ай, -ау, ғой шылауларының қатысымен жасалатын сөйлем түрін анықтаңыз.

 

A) Хабарлы сөйлем.
B) Бұйрықты сөйлем.
C) Лепті сөйлем.
D) Жай сөйлем.
E) Сұраулы сөйлем.

 

15.Сөйлем түрін белгілеңіз.
Жібермесем, сағы сынады-ау( )
Тәуекел, жіберсем бе екен( )

 

A) Хабарлы сөйлем.
B) Бұйрықты сөйлем.
C) Лепті сөйлем.
D) Жай сөйлем.
E) Сұраулы сөйлем.

 

 

16.Айтылу мақсатына қарай сөйлем түрін табыңыз.

A) Құрмалас сөйлем.
B) Жалаң сөйлем.
C) Жайылма сөйлем.
D) Жай сөйлем.
E) Хабарлы сөйлем.

 

17. Хабарлы сөйлемді табыңыз:

 

А) Ал сосын

B) Ойсыздарға қосылма

С) Неге бұғасың

D) Қайдағы жау

E) Жел де жок

 

18. Бұйрықты сөйлемді табыңыз

 

A) Егіс көлемін ұлғайт

B) Тіл қандай

C) Сен енді бала емессің

D) Ал Жамал ше

E) Бұл-тарихи жер

 

20. Сұраулы сөйлемді табыңыз

 

A) Қарағым, тоқтай тұршы

B) Пай-Пай, шабысының қаттысын-ай

C) Сен жазып келген шығарсың

D) Дала айдай жарық

E) Мектептің кең залы