Жай сөйлемнен өткенді қайталау
Жай сөйлем құрылысы жағынан аса күрделі болғанымен, көлемі, құрамы әр кез бір келкі бола бермейді. Жай сөйлемдерде ойды беру мақсатына қарай, сөйлем мүшелерінің барлығы да қатысуы мүмкін немесе керісінше. Осындай ерекшеліктеріне қарай оларды төмендегідей топтарға бөлеміз:
1) жақты және жақсыз сөйлемдер;
2) жалаң және жайылма сөйлемдер;
3) толымды және толымсыз сөйлемдер;
4) Атаулы сөйлем.
Арал тағдыры - адам тағдыры
Аралдың мұңы – қазақтың мұңына айналғалы қашан?! 1995 жылдарға таман Арал теңізі су көлемінің төрттен үш бөлігінен айрылды. Теңіз беті екі еседен астам кішірейтіп кетті, теңіз деңгейі 19 метрге төмендеді. 30 жыл ішінде Аралдың радиусы 150 шақырымға дейін кейін шегінді, нәтижесінде теңіз айналасындағы 30000 шаршы шақырым жер қылтанақсыз шөл далаға айналды. Осының салдарынан халықтың денсаулығы күрт төмендеді, тыныс алу, ас қорыту мүшелерінің түрлі кеселдері пайда болып, жұқпалы аурулар күш алды. Бауыр аурулары мен тырысқақ – бұрын – соңды болмаған дәрежеде таралды. Аналардың 80%-ы қаны аздық ауруына шалдыққан. «Қазіргі кезде Арал теңізі мен оған жақын аудандарды қалпына келтіру мүмкін емес». – дейді мамандар, бірақ кіші Арал деп аталатын су бассейнін сумен толтыруға болады екен. Бүгінгі таңда кіші Аралда 12 текше шақырым су бар, енді екі жыл ішінде бұл көлемді 27 текше шақырымға дейін ұлғайтудың жоспары жасалған. Ауылшаруашылық ресурстары комитетінің мәлімдеуінше, Арал теңізіне құятын Сырдария өзенінің төменгі сағасында су желілерін қалпына келтіру жобасы жүзеге асуда.
Биыл жазда Әйтек су желісін қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, одан әрі Қазалы және Қызылорда су желілерін жетілдіру жұмыстары басталды. Осы желілер іске қосылғаннан кейін Сырдария бойымен теңіздің солтүстік бөлігіне жыл сайын ең аз дегенде 5 текше шақырым су келіп құйылатын болады. Енді екі-үш жылда Кіші Аралдағы судың деңгейі Аралда кеме шаруашылығын қалпына келтіруге болатындай су жиналмақшы екен. Кіші Аралда су толтыру бағдарламасын Дүниежүзілік Банк, Азия Даму Банкі, БҰҰ даму бағдарламасы, ТАСИС ұйымы, ЮНЕСКО және әртүрлі елдердің үкіметтері қаржыландырып отыр. Ал кезінде Арал теңізі ішкі су қорының көлемі жөнінен әлем бойынша төртінші орында болатын.
Сөздік
Теңіз-море
Дүниежүзілік-всемирный
Желі-мотив,линия
Әлем-мир
Көлем-объем
Қаржыландырып-выделять средства
Ұлғайту-увеличивать,расширять
Көбею-умножаться
Тоған-котлован
Тартылу-засыхать,высыхать
1-жаттығу. Мәтіннен түсінгеніңізді әңгімелеңіз.
2-жаттығу.Мәтіннен сөйлемнің түрлерін анықтаңдар.
3-жаттығу. Сөз тіркестерінен сөйлем құраңдар.
Шөл далаға айналды, кішірейіп кетті, тыныс алу, жоспар жасау, жүзеге асыру, қалпына келтіру,қаржыландырып отыру.
4- жаттығу. « Арал тағдыры - адам тағдыры» тақырыбында пікірталас құрыңдар.
5-жаттығу.Сурет бойынша әңгімеле.