Төмендегі мақал -мәтелдердің мағынасын түсіндір.

а) Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.

 

б) Өз елім, өлең төсегім.

в) Мал қонысын іздейді,
Ер жігіт туысын іздейді.

г)Ел-елдің барі жақсы,
Өз елің бәрінен жақсы.

7-жаттығу.

Төмендегі мақалдардың мағынасын түсіндір. Фонетикалық талдау жаса.

 

а)Іргесі берік елді
Жау ала алмас,
Ауызы бір елді
Дау ала алмас.

б)Сұңқар киясын сағынады,
Торғай ұясын сағынады.

Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлемнен өткенді қайталау. Арал тағдыры – адам тағдыры.

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Жай сөйлемді,оның түрлерін қайталау;

-Бүгінгі экологиялық өзекті мәселелердің бірі – Аралтағдырытуралы түсініктерін одан әрі тиянақтау;

-Экология салдарынан болатын ауру түрлеріне тоқталу;

 

Дамытушылық:

- Ұлттық мәдениетін қалыптастыру;

- Оқушы бойында әдептілік және адами қасиеттерді қалыптастыру;

- Ойын нақты дұрыс жеткізуге,тапқыр сөйлеуге үйрету;

- Көркем шығарманы оқуға қызығушылықтарын арттыру;

 

Тәрбиелік:

- Қоршаған ортаны ластамауға, тазалыққа шақыру;

- Білімгерлерді өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин

2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин

4.Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин

5.Сабақты қорытындылау 7 мин

6.Үй тапсырмасын беру 4-5 мин

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

· Жақсыз сөйлем дегеніміз не?

· Жақсыз сөйлемге бірнеше мысалдар келтіріңіз.

· Жақты сөйлем дегеніміз не?

· Жақты сөйлемге бірнеше мысалдар келтіріңіз.

· Экологияның медицинамен байланысына тоқталыңыз.

· Әлемдік экологиялық мәселелерге тоқталыңыз.

 

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

1) Жай сөйлемдердің қанша түрі бар?

2) Жақты сөйлемге мысал келтір?

3) Жалаң сөйлемге мысал келтір.

4) Жайылма сөйлемге мысал келтір.

5) Жақсыз сөйлемге мысал келтір.

6) Арал теңізінің тарихымен таныс.

7) Арал теңізінің жағдайы туралы баянда.

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру:Жай сөйлемді, оның түрлерін қайталау, бүгінгі экологиялық өзекті мәселелердің бірі – Аралтағдырытуралы түсініктерін