Әлемдік экологиялық мәселелер.
Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қаупі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс - әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне білдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай – ақ, топырақты, су көздерін ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр; іс жүзінде тез өндіріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.
Адамды құтқару дегеніміз – ең алдымен табиғатты сақтау. Табиғи процестердің негізінде жатқан заңдылықтарды ескермеу табиғат пен адам арасындағы елеулі қайшылықтарға әкеліп соқтырғанын айта кеткен жөн. Американ экологы Риклерс: «Табиғатқа келтірілген нұқсанды түзетудің ешқандай көпе – көрнеу жатқан әдістері жоқ екені айдан анық, сонымен қатар қоршаған ортаға деген келеңсіз көзқарасы үшін адамға танылатын кінә да, өзендерге шайынды суларды төгу, егістіктерге пестицидтер бүрку, аңшылардың найзасы мен мылтығы автомашиналардан шығатын түтін қала іргесінің шексіз кеңеюі сияқты белгілі фактілерден құралмауы тиіс.»-деген.
Адам әрекеті тек жер бетіндегі суды ғана емес ауаны да ластап келеді. Күн сайын өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор улы газ және оларға қоса өте майда бөлшектерден тұратын қоспаларды шығарып жатады. Олар ауамен бірге адам мен жер бетіне тарап жатады. Кейде оларды жел алғашқы шыққан орнына мыңдаған километр жерге айдап апарады.
Ядролық жарылыстың зәрлі сәулелері бірде – бір сауатты және саналы адамды тыныш қалдыруы мүмкін емес.
Адамға табиғат берген байлықтың бірі — атмосферадағы ауа. Өзге табиғи байлықтармен бірге ауаның тазалығын сақтау өте маңызды іс.
Сөздік
Ауа-воздух
Көлеңке-тень
Кінә-вина
Нұқсан-вред
Кеңею-расширяться
Құралу-создаваться
Улы-ядовитый
Мүмкін емес-невозможна
1-жаттығу. Мәтіннен түсінгеніңізді әңгімелеңіз.
2-жаттығу. Мәтіннен толымды және толымсыз сөйлемдерге мысалдар келтіріңіз
3-жаттығу..Сұхбатта келтірілген төмендегі тұжырымдарды кеңейтіп айтыңдар.
1.Табиғатқа билік жүргіземіз деп,өзімізге зиян келтірдік.
2. Зардабын ұрпақ көреді.
3. Өлсем топырағымда өлейін.
4-жаттығу. Мәтінді оқып,негізгі ойды анықтайтын сөздерді теріп жазыңдар.
5-жаттығу.Суреттер бойынша әңгімелер құрастырыңыз
6-жаттығу.