4-жаттығу.Сурет бойынша әңгімелер құрастырыңыз

5- жаттығу.Көшіріп жазып, көмекші сөздердің астын сызыңдар, олардың неліктен көмекші сөз делінетінін айтыңдар.

1.Мен Қаныш ағамен сирек болса да, кездесіп тұрдым.Кейде далаға тігілген шатырларда қона жатып сөйлесіп жүрдім. Мол кеуделі, биік еңселі, бойшаң адамның ашық жүзіндегі мейрімділік пен ойлылық бір түрлі әсем еді. Асықпай сөйлейтін, шаншусыз, қаңқусыз сөздерді қолдануға тырысады.

2.Білген сайын келеді біле бергім,

Біле беру емес пе тілегі елдің.

Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,

Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.

Сондықтан да келеді біле бергім.

Білімдіні сүйерін білем елдің.

6-жаттығу Төмендегі сөздерден сөйлемдер құраңыз. Олардың қайсысы сөйлем мүшесі, қайсысы сөйлем мүшесі болмай тұр, себебін анықтаңыз.

Әрине, сонымен, дейін, қалқам, және, алақай, рас, қажет, Сәкен, келді, жоқ, жүр.

7-жаттығу Сөйлем мүшелерін қызметіне, құрылысына қарай (дара, күрделі) талдаңыз.

Жиырма үшінші жылы күзге қарай Сәбит мені Орынборға әкелді Бұл кезде шаруасы орташаға қарай ойысып қалған әкеміз менің оқуға кетуіме едәір-ақ қарсылық етіп еді, Сәбит көп күш салды. Қазақстан мәселелері түгел алақанында сияқты. Наркомдармен тең отырып сөйлеседі (Ғ.Мүсірепов). Қыста Преснов қаласында «Опанас» дейтін базар ашылды (С.Мұқанов). Мен әжемнің кенжесімін. Алдымен кезек Түйебайға келеді (Б.Майлин). Дәмежан үндеген жоқ, күлді де қойды (Қ. Жұмаділов). Биылғы жайлау жылдағы жайлау емес. Жаздың өзі күздей жабырқау, жүдеу болды (М.Әуезов).

 

 

Сабақтың тақырыбы: Жақты және жақсыз сөйлем. Әлемдік экологиялық мәселелер.

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

-Жақты және жақсыз сөйлемдердің айырмашылықтарын;

-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;

-Әлемдік экологиялық мәселелерді талқылау

Дамытушылық:

-Оқушылардың сурет бойынша сөйлеп үйренуін,

- логикалық ойлау қабілеттерін арттыру,

- сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік:

- Патриоттыққа, ел жандылыққа тәрбиелеу;

- Бірлікке ынтымаққа, адамгершілікке тәрбиелеу

- Еңбекке жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин

2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин

4.Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин

5.Сабақты қорытындылау 7 мин

6.Үй тапсырмасын беру 4-5 мин

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

· Толымды сөйлем дегеніміз не?

· Толымсыз сөйлемдерге мысалдар келтіріңіз.

· Қазақстанда қанша табиғи саябақтар бар?

· Олардың қызметі қандай?

· Ақсу Жабағылы қорығының мақсаты не?

 

 

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

1) Жақты сөйлем дегеніміз не?

2) Жақты сөйлемге бес мысал келтір.

3) Жақсыз сөйлем дегеніміз не?

4) Жақсыз сөйлемге бес мысал келтіріңдер.

5) Экологиялық апаттардың қандай түрлерін білесіңдер?

 

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру:Жақты және жақсыз сөйлемдердің айырмашылықтарын, жасалужолдары туралы түсініктерін одан әрі тиянақтау; әлемдік экологиялық мәселелерді талқылау;

Жақсыз сөйлем.