Үйге тапсырма беру:Толымды және толымсыз сөйлем. Қазақстанның табиғи саябақтары.
Толымды және толымсыз сөйлем.
Қазақстанның табиғи саябақтары
Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде құрылған қорықтардың қорғау тәртібі, атқаратын қызметі мен негізгі бағыты әр түрлі. Сондықтан қорғауға алынған жерлерді қорықтар, қорықшалар, резерваттар,ұлттық саябақтар және табиғат ескерткіштері деп бөледі. Қазір дүние жүзінің 124 елінде 2000-нан артық ірі қорық бар екен. Оның ішінде ең үлкені Гренландия ұлттық паркі. Оның жер көлемі 7млн гектар. Біздің республикамызда барлық көлемі784,1 мың гектар жерді алып жатқан 7 қорық бар. 50-дей аңшылық қорықша 42 зоологиялық, 24 батаникалық бақтар мен қорықшалар табиғат ескерткіштері бар.
Қорық ерекше қорғауды қажет ететін тұқымы құрып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін табиғи күйінде сақтайтын жер. Мысалы: Барсакелмес қорығы құланды, Қорғалжын қорығы қоқиқазды,Үстірт қорығы дала қойын, Алматы қорығы Тянь-шянь шыршаларын қорғап, көбейту мақсатында құрылған.
Көптеген ғалымдарының еңбектерінде VI – VII ғасырларда қазақ жерінде ерекше қорғалатын жерлер болғанын жазады. Мысалы В.В. Бартольд еңбектерінде «Жер жанаты – Жетісу» аталған мекенде өмір сүрген үйсін тайпалары шұрайлы, көк шалғынды, бау-бақшалы салқын жерлерді қорыққа айналдырып, ретсіз мал жаймағандығын, мезгілсіз аң ауламағанын жазған.Бұдан біз бабаларымыз ерте кезден-ақ келешек ұрпақ үшін табиғатты сақтай білгенін білеміз.
Сөздік
Қорық-заповедник
Шалғын-осока
Шырша-ель
Ерекше-особый
Ретсіз-внеочередной
Саябақ-парк
Жануар-животное
Өсімдік-растение
Жер-земля
Жаннат-рай
1-жаттығу. Мәтіннен түсінгеніңізді әңгімелеңіз.
2-жаттығу. Мәтіннен толымды және толымсыз сөйлемдерге мысалдар келтіріңіз.
3-жаттығу. Сөз тіркесінің екінші сыңарын табыңдар.
Қалпына желісі
қазақтың шақырым
шаршы аурулар
халықтың бойынша
жұқпалы метр
текше мұңы
су отыр
қаржыландырып денсаулығы
әлем кетіру