4-жаттығу.Төмендегі сөзді септеңіз.Әр септіктегі сөзге сөйлемдер құрастырыңыз.
![]() |
![]() | |||||
![]() | |||||
![]() |
5-жаттығу.Сурет бойынша әңгімелер құрастырыңыз.
6- жаттығу.Сурет бойынша әңгімелер құрастырыңыз
7-жаттығу.Суреттерді салыстырыңыз.
Сабақтың тақырыбы:Толымды және толымсыз сөйлем. Қазақстанның табиғи саябақтары.
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Толымды және толымсыз сөйлемдердің сөйлемдегі құрылысын, қызметін;
- Толымды және толымсыз сөйлемдердің айырмашылықтарын, жасалу жодарын;
- Қазақстанның табиғи саябақтарын және оларды мекендейтін жануарлар түрлерін;
Дамытушылық:
- Мәтінмен жұмыс істей отыра, оқушының ойлау қабілетін шапшаңдығын, тез шешім табуын ұштау;
- Оқушылардың сөздік қорын молайту;
- Ой- қиалына ерік бере отырып, өзінше ойын түйіндеуге бағыттау ;
- Оқу материялынан ең бастысы табу, талдау, салыстыру, ойлау қабілеттерін дамыту;
- Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
Тәрбиелік:
- Лексикалық мәтін бойынша көгалдандыру жұмысына белсенділіктерін арттыру;
- Бөлмеде, аулада түрлі гүлдер өсіруге шақыру;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин
2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин
4.Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин
5.Сабақты қорытындылау 7 мин
6.Үй тапсырмасын беру 4-5 мин
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
· Жайылма сөйлем дегеніміз не?
· Жалаң және жайылма сөйлемге бес мысал келтір.
· Адам ағзасына экологияның қандай пайдасы мен зияны бар?
· Қазіргі экологияны таза деп айта аламыз ба?
· Жалаң сөйлем неден тұрады?
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
1) Толымды сөйлем дегеніміз не?
2) Толымды сөйлемге бес мысал келтір.
3) Толымсыз сөйлем дегеніміз не?
4) Толымсыз сөйлемге бес мысал келтір.
5) Саябақ дегеніміз не?
6) Саябақтардың саны көп болғаны пайдалы деп ойлайсыңба?
7) Қандай саябақтарды білесің.
8) Саябақтар қаншаға бөлінеді?
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
· Өткен тақырып бойынша бағалау;
· Жақсы жауаптарды ескеру;
· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
· Қорытынды баға қою