3-жаттығу. «Қандай?» деген сұраққа жауап беріңіз.
|
![]() | |
![]() |
4-жаттығу Төмендегі мақал -мәтелдердің мағынасын түсіндір.
а)Қорқақтың көзі үлкен,
Ақымақтың сөзі үлкен.
б)Жау жоқта батыр көп,
Дау жоқта ақыл көп.
в)Қылышынан қан тамған батырды,
Тілінен бал тамған ақын алады.
5-жаттығу.Төмендегі сөзді септеңіз.Әр септіктегі сөзге сөйлемдер құрастырыңыз.
![]() |
![]() | |||
![]() |
Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем. Адам денсаулығына экологияның әсері.
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Жалаң және жайылма сөйлемдердің айырмашылығын, жасалу жолдарын;
Жалаң және жайылма сөйлемдердің құрылысын;
Экологияның адам денсаулығына әсерін, зияны туралы түсініктерін одан әрі тиянақтау;
Дамытушылық:
- Өз беттерімен әрекеттену дағдысын қалыптастыру;
- Тіл байлығын, сөздік қорларын молайту;
- Ауызекі сөйлеу, оқу дағдыларын қалыптастыру;
- Ауызша және жазбаша тілдерін, көру және есту қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік:
- Берілген мәтіндер бойынша оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру;
- Лексикалық тақырыпқа байланысты тазалыққа,қоршаған ортаны ластамауға шақыру;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин
2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин
4.Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин
5.Сабақты қорытындылау 7 мин
6.Үй тапсырмасын беру 4-5 мин
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
· Жай сөйлем дегеніміз не?
· Жай сөйлем неден тұрады?
· Жай сөйлемге бес мысал келтір.
· Жай сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
· Табиғат жайлы қандай қанатты сөйлем білесің?
· Табиғаттың қазіргі жағдайына қалай қарайсың?
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
1) Жалаң сөйлем дегеніміз не?
2) Жалаң сөйлем неден тұрады?
3) Жайылма сөйлем дегеніміз не?
4) Жайылма сөйлем дегеніміз не?
5) Жалаң және жайылма сөйлемге бес мысал келтір.
6) Адам ағзасына экологияның қандай пайдасы мен зияны бар?
7) Қазіргі экологияны таза деп айта аламыз ба?
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
· Өткен тақырып бойынша бағалау;
· Жақсы жауаптарды ескеру;
· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
· Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:Жалаң және жайылма сөйлемдердің құрылысы экологияның адам денсаулығына әсерін, зияны туралы түсініктерін айту.