5-жаттығу.Сұрақтарға жауап бере отырып,сөйлем құраңыз.

Анамды әкемді досымды құрбымды серігімді

 

 

ағамды інімді

     

 

жеңгемді

     

 

 

нағашымды әпкемді қарындасымды

6-жаттығу

Берілген мәтінді пайдалана отырып төмендегі сұрақтарға дәріханашы атынан тиісті жауаптарды дайындаңыз.

Баланың іші қатқанда не іші өткенде беретін қандай дәрілік препараттар бар?

–…

– Үйде қандай дәрілер бар? Маған дәрілік шөптерден не ұсынасыз?

–…

Гүлдің аталығы деген не?

–…

Оны қалай қолдануға болады?

–…

Оны қалай ішу (пайдалану) керек?

–…

Тағы қандай сырқаттарға қолдануға болады?

–…

7-жаттығу

Сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз.

Айнұр мен Асан бүгін таңертең Алматыға келді. Сонша алтынды қайдан алады? Естілер ертеңгіні ескере, көре сөйлейді.

 

Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлемнің түрлері.Адам және табиғат егіз

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

-Жай сөйлемнің түрлері,

- Табиғаттың тылсым құпиялары туралы;

- Жақты және жақсыз сөйлемдер;

- Жалаң және жайылма сөйлемдер;

- Толымды және толымсыз сөйлемдер;

Дамытушылық:

- Өз беттерімен әрекеттену дағдысын қалыптастыру;

- Тіл байлығын, сөздік қорларын молайту;

- Ауызекі сөйлеу, оқу дағдыларын қалыптастыру;

- Ауызша және жазбаша тілдерін, көру және есту қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік:

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;

-Ұлттық салт-дәстүрді білу;

-Ізгілікке,елін қадірлеуге тәрбиелеу;

-Білімгерлерді өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

 

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин

2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин

4.Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин

5.Сабақты қорытындылау 7 мин

6.Үй тапсырмасын беру 4-5 мин

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

· Еркін сөз тіркесі дегеніміз не?

· Тұрақты сөз тіркесі дегеніміз не?

· Тұрақты сөз тіркесіне бес мысал келтір және олардың мағыналарын аш.

· Өмірде тұрақты сөз тіркесін қолданады ма?

· «Қой аузынан шөп алмас», «Тайға таңба басқандай» деген тұрақты сөз тіркесінің мағынасын аш.

· Келін түсірудің барлық салт жоралғысын айт.

· Келін отбасы мүшелеріне қандай атаулармен сөйлесуі керек? Кең таралғандарын ата.

·

 

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

1) Жай сөйлем дегеніміз не?

2) Жай сөйлемдердің түрлері қандай?

3) Жай сөйлемдерге бес мысал келтір.

4) «Адам мен табиғат егіз» дегенді қалай түсінесің.

5) «Адам мен табиғат егіз» тақырыбына ой толғау жаз.

6) Табиғатымызды қорғау үшін адамдар қандай шаралар қолданылады?

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру:Жай сөйлемнің түрлері,табиғат туралы түсінгендерін айту.

 

Жай сөйлем.

 

 

 

 

Адам және табиғат егіз

 

а). Табиғат адам үшін жаралыпты,

Бар қызық табиғаттан таралыпты.

ә).Адам мен табиғат егіз.

б).Табиғат — асыраушың, қамқоршың

Ата-бабамыз “Жер — қазына, су — алтын, мал — байлық” деп тегін айытпаған. Қазақ халқының табиғатқа деген сүйіспеншілігі ерте кездерден-ақ басталады. Көп салалы ұлттық дәстүріміз соның дәлелі. Өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі қадір-қасиетін, пайда-маңызын жақсы білген. Жас ұрпақтың көкейіне құйып, оларды сақтап, қорғауға баулып, тәрбиелеген. Бүкіл жер бетіндегі адамзатты қатты ойландыратын және

 

кезек күттірмейтін мәселелердің бірі — табиғи ортаны қорғау, табиғатты тиімді пайдалану керек.

Сөздік

Су-вода

Байлық-богатство

Салалы-имеющие отрасли

Табиғи-природный

Баулып-приучать

Көкей-память,внутренний мир

Адамзат-человечество

Күттірмейтін-настоятельный

Мәселе-задача6проблема

Дәлел-доказательство

1-жаттығу.Табиғатқа деген сүйіспеншілігімізді білдіретін мақал-мәтелдер өте көп.

Төмендегі мақал-мәтелдердің мағынасын түсініп, жаттап алыңыздар

«Ер- елдің көркі, орман-тоғай жердің көркі»,

«Бір тал кессең, он тал ек»

«Дәрі шөптен шығады, дана — көптен шығады»,

«Қорада малың болсын, көшеде талың болсын»

«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын»

«Сұлу жер құрақсыз болмас, таулы жер бұлақсыз болмас»

«Бұлақ көрсең, көзін аш»

«Жылап жүріп арық қазсаң,

Күліп жүріп су ішерсің»

 

2-жаттығу. Төмендегі нақыл сөздердің мән-мағынасын ашыңыз.

«Туған жерге туыңды тік»,

«Мың шыбық шаншып өсірсең-

Халқыңа орман салғаның.

Халқыңа орман салғаның-

Өзіңе қорған салғаның»,

«Табиғат — тал бесігің, аяла, қорғай біл, тазалығын сақта!»,

 

***

«Табиғатты бабамыз ала берген секілді,

Дархандықты қазаққа дала берген секілді.

Еркелікті, ерікті желден алған секілді,

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.».