4-жаттығу.Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Кім?
Кімнің?
Кімге?
Кімді? Кімді?
Кім Кімде?
Кімнен?
Кіммен?
5-жаттығу. Бұйрықты сөйлемді табыңыз
А) Несі тамаша? В) Тарыңнан титтей берші. С) Қар жауды. Д) Ойбай-ой, қалай өзгерген?
А) Егіс көлемін ұлғайт В) Тіл қандай? С) Сен енді бала емессің Д) Бұл – тарихи жер
6-жаттығу. Хабарлы сөйлемді табыңыз.
А)Бір топ елік жайылып жүрді.
В)Халықтан қайырымдылықты, қариядан байымдылықты үйрен
С)Сен барамысың.
Шіркін күн қандай тамаша
7-жаттығу.Сұрау есімдігінен болған сұраулы сөйлемді анықтаңыз.
А) Сенің атың кім?
В) па, шіркін
С) Айдос келді
Сабақтың тақырыбы: Еркін сөз тіркесі. Тұрақты сөз тіркесі. Келін түсіру.Сабақтың түрі: теориялық, аралас, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Еркін сөз тіркесі мен тұрақты сөз тіркесінің айырмашылықтарын;
- Еркін сөз тіркесі мен тұрақты сөз тіркесінің қолданылуын,
- Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын туралы түсініктерін одан әрі тиянақтау;
Дамытушылық:
- Өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету;
- Өз ойын еркін жеткізуге баулу;
- Жылдам жауап беруге жаттықтыру;
- Қазақ тілінің ұлт тілі екенін таныту;
Тәрбиелік:
-Ұлттық салт-дәстүрді білу;
-Ізгілікке,елін қадірлеуге тәрбиелеу;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин
2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин
4.Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин
5.Сабақты қорытындылау 7 мин
6.Үй тапсырмасын беру 4-5 мин
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
· Етістікті сөз тіркесі дегеніміз не?
· Етістікті сөз тіркесіне бес мысал келтір.
· Етістікті сөз тіркесін өмірде қандай жағдайда қолдана аламыз?
· Етістікті сөз тіркесін қолдана отырып диолог құра.
· Қыз ұзату кезінде қандай іс- шаралар жасалуға міндетті?
· Қыз ұзату кезінде жеңгелердің атқаратын міндеті.
· Қыз баласына байланысты мақалдарды мысалға келтір.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
1) Еркін сөз тіркесі дегеніміз не?
2) Тұрақты сөз тіркесі дегеніміз не?
3) Еркін сөз тіркесіне бес мысал келтір.
4) Тұрақты сөз тіркесіне бес мысал келтір.
5) Тұрақты сөз тіркесі қай кезде қолданылады?
6) Тұрақты сөз тіркесінің түп мағынасын аш.
7) Келін түсіру дегеніміз не?
8) Келін түсіргенде қандай салттар жасалады?
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
· Өткен тақырып бойынша бағалау;
· Жақсы жауаптарды ескеру;
· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
· Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:Еркін сөз тіркесі мен тұрақты сөз тіркесінің қолданылуын, қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын туралы түсініктерін айту.
Еркін сөз тіркесі.
Келін түсіру
Біздің халқымыз үшін де дүниедегі қызық пен қуыныштың ең бастысы осы келін түсіру. Бұған бүкіл ауыл болып атсалысады, бірге қуанады, бірге тойлайды, намысы бір қазақта « тойдың болғанынан боладысы қызық» деген бар. Ал келін түсірудің өзі де, «боладысы да» қызық. |
Қазақ салты бойынша ауылға келін кіре бере, жасаулы көштің алдынан әйелдер шығып, шашу шашқан. Көш бастап келген әйелді мұрындық ана деп атап, оған арнайы сый берілген. Ауыл адамдары жүкті дереу түсіріп, отауды тігуге кіреседі. Шаңырақты көтеру балалы-шағалы,үрім -бұтақты өскен, елге беделді, салиқалы адамға жүктелген. Бұл жерде жаңа түскен келінге осы ананың жолын берсін деген ырым. Отау ішінің жиһаздары жиналған.
Қалыңдықты ауыл келіншектері мен жастары күтіп алып, шашу шашып, құрылған шымылдықтың ішіне келген келінді кіргізеді. Шымылдықты құрғаны үшін сый алады. Абысындары басына орамал тағып, тағы басқасы отқа май құйғызады. Сол қызметтері үшін енелері сый тартады. Орамал салғаны енді келін болды дегенді білдіреді. Жас келінді көргісі келгендер үлкен келіндеріне немесе жеңгелері мен апаларының біріне көрімдіктерін береді.Келіннің бөлмесіне апарып, келінмен таныстырады. Танысқан адам келінге шашу шашып, «қадамың құтты болсын!» деп тілегін айтады.
Беташар болмайынша, келін шымылдықтан шықпай, іске араласпай отырады. Келінді көруге келгендерге ізеттілік білдіріп, орнынан түрегеледі. Оңтүстік облыстарында осы дәстүрлердің барлығын орындауға тырысады, ал басқа жақтарда беташар жасап, келіннің басына орамал салу дәстүрлері орындалғанымен , шымылдыққа отырғызу салты орындалмайды.
Сөздік
Беташар-вступление
Келін-невестка
Шымылдық-занавес
Отау-выделившаяся молодая семья
Жиһаз-мебель
Мұрындық-чекушка
Шашу-разбрасывать
Ізет-уважение
Қызметтер-службы
От-огонь
1-жаттығу. Мәтіннен түсінгеніңізді әңгімелеңіз.
2-жаттығу. Мәтіннен тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
3-жаттығу.Мына тұрақты сөз тіркесін көшіріп жазып, мағынасын түсінуге тырысыңыз.
Үріп ауызға салғандай, тайға таңба басқандай,қас пен көздің арасында,кірпік қаққанша
4-жаттығу.Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Сіз Қазақстанның қай қаласын ұнатасыз?__________________________________
2.Сіздің досыңыз қай қалада тұрады?____________________________
3.Сіздің досыңыз қандай жан ? ____________________________
4.Сіз қай қалада тұрғанды
ұнатасыз?______________________________________
5.Сіз кіммен, қайда тұрасыз?______________________________
6.Сіз кешке қайда барасыз?________________________________