5-жаттығу. Ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларының қатысуымен жасалатын сөйлем

А) Жай сөйлем

В) Сұраулы сөйлем

С) Лепті сөйлем

Д) Бұйрықты сөйлем

Е)Хабарлы сөйлем

6-жаттығу. Хабарлы сөйлемді табыңыз.

А)Тіліңізді тартыңыз.

В) Маған айтпа

С) Сен қашан келесің?

Д) Сағат шырылдады.

Е) Шіркін, дәурен

7-жаттығу. Мәнерлеп оқығаннан кейін сұраулы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің тиісті тыныс белгісін қойып көшіріңіз.

1. - Ал мына бір сурет нені бейнелейді...- деп сұрадым, -Колхозымыздың жайлауы ғой. 2. Коллектив қуанышының дәмін қаршадайынан татқан жас ұланның тәтті қылығы, тамашасын-ай сен. 3. Жеңінің ұшын қалай дейсіз, осылай бүріп келтірген қонымды ма. Өңіріне, етегіне беліне дейін аударыңызшы. Келісе ме Белбеуі тым жалпақтау емес пе?

4. - Сіздер алмайтын болдыңыздар ма олай болса, маған рұқсат етіңіздер - деді бір жас әйел.

- Маған чек жазып беріңізші - деді әйел үстінен пальтоны шешпестен дүкеншіге барып.

Дәл осы минутта ол не ойлады, нендей қиялға шомды. Оншасын мен біле алмадым. Мүмкін, ол әр семьяның қалауы, бұлбұлы болғысы келді ме екен. Әлде тіпті ән емес, өз бойында бар өнерден әдемілік іздеп, соның ләззатын татсам-ау деген сезімнің шырынын жұтып отырмағанын да кім білсін.

 

8-жаттығу.Суреттердегі киімдерді сипаттаңыз.

 

Сабақтың тақырыбы: Етістікті сөз тіркесі. Қыз ұзату.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Етістікті сөз тіркесінің жасалу жолдарын меңгеру;

- Қыз ұзату кезінде қолданылатын қазақтың салт-дәстүрлерін білу;

Дамытушылық:

- Тілдік-эстетикалық сезімге тәрбиелеу;

- Ойындар арқылы ойлау қабілетін арттыру;

- Тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін арттыру;

- Оқушылардың логикалық ойын дамыту;

 

Тәрбиелік:

- Қазақ қыздарының өткенін, бүгінін айту арқылы ізеттілікке тәрбиелеу;

- Қыз балаға қатысты мақал-мәтелдер арқылы адамгершілікке тәрбиелеу;

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин

2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин

4.Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин

5.Сабақты қорытындылау 7 мин

6.Үй тапсырмасын беру 4-5 мин

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

· Күрделі сөз тіркесі дегеніміз не?

· Күрделі сөз тіркесіне бес мысал келтір.

· Күрделі сөз тіркесін қолдана отырып «Құда түсу» тақырыбына ой толғау жаз.

· Құда түсу салтының орындалу жүйесін баянда.

· Сырға салу дегеніміз не?

 

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

1) Етістікті сөз тіркесі дегеніміз не?

2) Етістікті сөз тіркесіне мысалдар келтір?

3) Етістікті сөз тіркесін өмірде қандай жағдайларда қолданамыз?

4) Қыз ұзату дегеніміз не?

5) Қыз ұзату кезінде қандай салт жоралғылар сақталады.

6) Қыз ұзату тойында қандай дәстүрлі әндер айтылады.

7) Сынсын деген не?

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру:Басыңқы сыңар етістіктен болатын сөз тіркестерін қайталау, қыз ұзату туралы айту.

 

 

 

Етістікті сөз тіркесі.

 

 

 

 

 

Қыз ұзату

Қазақтың ең бір кәделі тойларының бірі – қыз ұзату. Қыз ұзатудың сыры мен жыры бітпейді. Болғанынан боладысы қызық тойдың, талай күйеу жігіттің сабырын қашырып, талай қалыңдықты сабылтып қойғаны жайлы революциядан бұрынғы өмірді суреттейтін әдеби шығармалардың барлығынан оқып білген едік. Өз көзімізбен көрмесек те,

қалындық ойнату, ұрын бару, қол ұстатар, жамбас сипатар сияқты кәделердің біразынан хабардар болатынбыз. Біраз, уақыт үзілістен кейін – қыз ұзату біздің арамызға қайта орала бастады. Қазір ең бастысы қызын жақсы жолға, кәделі сапарға шығарып салу үшін қыздың әке шешесі үйлену тойынан кемдігі жоқ той жасайтын болды. Әрине бұл жағдайдың еш секеттігі жоқ қой ,егер қыз ұзату тойы халқымыздың салт - дәстүріне сай өткізіліп жатса. Ұзатылар қыздың туыстарымен қоштасарда айтылар әні «сыңсу» деп аталады. Сыңсу ұзатылып бара жатқан қыздың әнмен өрнектелген мұңы. Өзiн аялап баққан ата-анасын қимау, туған-туыстарын қимау, қыз күнiмен қоштасу секiлдi мұңлық сөздерден құралады. Десе де, басына үлкен ақ шәлi жауып шығып, жылағанын көрсетпеуге тырысады.

Есiктiң алды ошаған,

Жылқы iшiнде қашаған,

Жыл айналып келгенше,

Қош - есен бол, босағам!

Деп ұзатылған қыздың алдынан жаңа өмiр күтiп тұр. Қызын ұзатудың өзiне осынша құрметпен қараған қазақтың даналығына, әйел затына деген iлтипатына мұнан кейiн бас имей көрiңiз!..

Сыңсу-причитать

Қоштасу-прощаться

Мұңлы-грустный

Аялау-ласкать

Жағдай-положение

Ілтипат-благосклонность

Дана-мудрец,гений

Имеу-несгибать

Ұзату-провожать

Босаға-порог

1-жаттығу. Мәтіннен түсінгеніңізді әңгімелеңіз.

2-жаттығу.Мәтіннен етістікті сөз тіркесін табыңыз.

3-жаттығу.Мына мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, мағынасын түсінуге тырысыңыз.

Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі.

Қыз қылығымен көрікті.

Жақсының жақсылығын айт- нұры тасысын,

Жаманның жамандығын айт-құты қашсын.

Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол,

Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол.