1-жаттығу.Мәтіннен түсінгеніңді әңгімеле.

 

2-жаттығу.Тұсаукесер өлеңін жаттап алыңыз.

3-жаттығу.Жай сөз тіркесін қатыстыра отырып бірнеше сөйлем құраңыз.

4- жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Тұсау кесер тойы қай кезде жасалады?_________________________

2.Бұл тойда қандай салт-дәстүрлер қолданылады?_________________

3.Не үшін баланың тұсауы кесіледі?_____________________________

4. «Тұсау кесер»өлеңінің мағынасы қандай?______________________

5-жаттығу. «Бала» сөзінің синонимдік қатарын түзіңіз.

6-жаттығу.Мақал-мәтелдерді жаттап алыңыз.

1.Бала әкеден не кете туады, не жете туады, не өте туады.

2.Балалы үй базар,баласыз үй қу мазар.

3.Атадан жақсы ұл туса,қар үстінде от жанар.

4.Атадан жаман ұл туса,ат үстінде ит қабар.

5.Ата – бәйтерек, бала – жапырақ.

6.Ананың сүті – бал, баланың тілі - бал.

7.Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді,

Жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді.

7-жаттығу. Бұйрықты сөйлемді табыңыз

А) Несі тамаша? В) Тарыңнан титтей берші. С) Қар жауды. Д) Ойбай-ой, қалай өзгерген?

 

А) Егіс көлемін ұлғайт В) Тіл қандай? С) Сен енді бала емессің Д) Бұл – тарихи жер

Хабарлы сөйлемді табыңыз.

А)Бір топ елік жайылып жүрді.

В)Халықтан қайырымдылықты, қариядан байымдылықты үйрен

С)Сен барамысың.

Д) Шіркін күн қандай тамаша

8-жаттығу.Сұрау есімдігінен болған сұраулы сөйлемді анықтаңыз.

А) Сенің атың кім?

В) па, шіркін

С) Айдос келді

 

Сабақтың тақырыбы:Күрделі сөз тіркесі. Құда түсу.

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Күрделі сөз тіркесінің жасалу жолдарын меңгеру;

- Құда түсу кезінде қолданылатын қазақтың салт-дәстүрлерін білу;

Дамытушылық:

- Ойлау белсенділігін арттыру;

- Өз білімін саралап, ізденуге машықтандыру;

- Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру;

- Шапшаңдыққа, ойын жинақтай білуге, нақты жеткізуге дағдыландыру;

Тәрбиелік:

- Құда түсу кезінде қолданылатын салт-дәстүрлерді меңгере отырып,инабаттылыққа,ізеттілікке тәрбиелеу;

- Елін,жерін сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу;

 

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин

2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин

4.Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин

5.Сабақты қорытындылау 7 мин

6.Үй тапсырмасын беру 4-5 мин

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

· Жай сөз тіркесі дегеніміз не?

· Жай сөз тіркесіне бірнеше мысалдар келтір.

· Мәтіннің ішінен жай сөз тіркестерін тап.

· Тұсау кесер тойы бала қанша жаста болғанда жасалады?

· Тұсау кесер тойында баланың тұсауын қандай жіппен кеседі?

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

1) Күрделі сөз тіркесі дегеніміз не?

2) Күрделі сөз тіркесі неден тұрады?

3) Күрделі сөз тіркесінің қазақ тіліндегі орны қандай?

4) Күрделі сөз тіркесі сөйлем бола алады ма?

5) Құда түсу дегеніміз не?

6) Құда түсу дәстүрі қандай жағдайда орын алады?

7) Құда түсу кезінде болатын салт- жоралғыларды ата?

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру:күрделі сөз тіркесінің қолданылуы, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері туралы білу.

 

 

Күрделі сөз тіркесі.

 

 

 

Құда түсу

Құда түсу – ежелден келе жатқан дәстүр. Алайда құда болудың бірнеше жолдары бар. Екі адам достықтары артып, туыс болғысы келсе, балалы болмай жатып, құда болып жатады. Бұндай құдалықтың атын «бел құда» деп атайды. Ежелден келе жатқан құдалықтың тағы бір түрі- «бесік

 

құда». Екі нәрестені бесікте жатқан кезінде ақ бір-біріне атастырып қояды. Бесікте жатқан қызға сырға салу дәстүрі қалыптасқан. Қыз бой жеткен кезде ұл жағы атастырылып қойған қызға құда түсіп келеді. Бұл да бір үлкен тойдың бастауы. Қазіргі кезде бұл дәстүр ұмыт болмаған.

Бұндай құдалықтың бірі – қыз бойжеткенде ұл жағы құда түседі. Бұл әрине қыз бен жігіттің келісімімен жасалады. Белгіленген күнге дайындалған құдалар, жігіт әкесі сенімді бір туысын бас құда қылып, немесе өзі бас құда болып құдаларды бастап барады. Құдалар саны мен алып баратын мал-мүліктер саны әр жердің жеріндегі салтына байланысты.

Солтүстік жақта қалың малға көп көңіл бөлмейді, ал оңтүстік жақта қалық мал құда түсудің басты бөлігі деп есептеледі.Сондықтан «Құда түсу» кәдесін жасап, құда түсушілер құр қол бармайды. Әр жердің салты әр түрлі. Бір жерлерде оны «Сырға салу» деп атайды. Кәделерін жасап, құда түсуші жақ « қалың малға» қосатын бұйымдарын сайлай бастайды. Қалың малға: мал, ақша, киіт, зергерлік бұйымдар, дастарханға қойылатын дәмді шайлық тәттілер кіреді. Киіттерін тоғыз қылып жасайды. Шамасы келіп жатқандар киіттерін тоғыздан тоғыз қылып немесе тоғыз атауларын бөлек тоғыз қылып жасайды. Оның басына құда мен құдағиға сыйланатын бағалы киімдер қойылады.

Қалың малдан басқа «өлі тірісі» кәдесіне қосылатын жоралары бар. «Сүт ақы», күйеу апаратын «Ілу» дегені болады. «Ілу» қалыңдықтың әжесіне немесе шешесіне берілетін сыйлық.

Қыз жағы да осы үлкен тойға дайындалып, құдаларын күтеді. Құдаларды күткенде, мағынасымен орындалатын салт-дәстүр тойға көрік беріп, гүлдендіре түседі.

Құда түсу-свататься

Келісім-договоренность

Белгілеу-метить

Зергер-ювелир

Кәде-обычай

Құдалық-сватовство

Ілу-вешать,повесить

Сүт ақы-получаемые матерью невесты от сватов

Дайындау-приготовить

Шеше-мать

 

1-жаттығу. Мәтіннен түсінгеніңізді әңгімелеңіз.

2-жаттығу. Мәтіннен күрделі сөз тіркестерін табыңыз.

3-жаттығу. Мына мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, мағынасын түсінуге тырысыңыз.

Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ.

Өтірікші айғақ қойып, сөйлейді.

Сабыр түбі сары алтын.

Таңғы асты тастама,кешкі асқа қарама.

Ауру астан, дау қарындастан.

Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық.

Жамандардың жақсысы болғанша, жақсылардың жаманы болған жақсы.

Жылқының аласы сыртында, адамның аласы ішінде.

4-жаттығу.Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Бел құда деп қандай құдаларды атаймыз?

2.Бесік құда қандай құдалар?

3.Құда түсу кезінде қолданылатын салт-дәстүрлерді атаңыз?

4. «Дәстүрдің озығы бар,тозығы бар»дегенді қалай түсінесіз?