Үйге тапсырма беру:сөйлемнің түрлерін,тұсау кесер өлеңін жаттау.
Жай сөз тіркесі.
Тұсаукесер
Баланы бесікке салу, тұсауын кесу тойына кімдерді, қанша қонақ шақыру керектігін ата-анасының өздері шешеді. Қазақтар шақырусыз келген қонақтарға кет демейді. Бірақ та шақырусыз келген қонақтарды жақтырмайтын да үй иелері бар. Ыңғайсыз жағдайға қалмау үшін соны да ойлаған жөн. Бала бесіктен шығып, еңбектеуден өтіп, қаз-қаз жүре бастағанда тұсауын |
кесіп, тұсау кесер тойы жасалады. Ата-анасы бұл тойға да мал сояды. Немесе мүшесімен ет асады. Дәулетті адамдар көкпар да тартқызып, соңын думанды тойға ұластырады.Жиналған көпшіліктің арасынан жүрісі жылдам, қимылы ширақ, іске епті адам таңдап алынып, баланың тұсауын кесуді соған тапсырады. Тұсау кесерде ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын (ұрлық, зорлық жасамасын деген ырымнан, тілектен шыққан. Сол жіппен баланың аяған тұсап, соны кестіреді. Тұсауы кесілген соң, сәбиді екі адам ортаға алып шығып, тез-тез жүргізеді. Осы кезде тұсау кесер жыры айтылады.
Қаз-қаз, балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Қаз-қаз, балам, қаз, балам,
Тақымыңды жаз, балам.
Қадамыңа қарайық,
Басқаныңды санайық.
Қаз-қаз, балам, жүре ғой,
Балтырыңды түре ғой.
Тай-құлын боп шаба ғой,
Озып бәйге ала ғой.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың!
Өмірге аяқ баса бер,
Асылардан аса бер.
Жүгіре қойшы, құлыным,
Желбіресін тұлымың.
Елгезек бол, ерінбе,
Ілгері бас, шегінбе.
Бесік-колыбель
Ыңғайсыз-неудобный
Тұсау-спутывать
Таңдау-выбирать
Ұрлық-кража
Зорлық-насилие
Қадам-шаг
Бәйге-бега
Тұлым-коса
Балтыр-икры
Күрмеу-препятствовать