Қалай? Қашан? Қайдан? Не? Қанша? Қандай? Неше?
4-жаттығу.Сөйлемнің түрлерін анықтаңыз.
- Тағы отыз жыл күт, келеді Мақсұт,- деп кекетті.
- Күтемін, - дедім. - Жүз жыл күтемін, -дедім.
Сөйттім де, ызаға шыдай алмай, айқай салып далаға атып шықтым.
- Қайдасың, Мақсұт! - деп айқайладым.
Үйге енді кіріп отырғаным да осы еді, сен келіп қалдың, Мақсұт. Ақшай енді не бетін айтар екен, бәлем.
Ол үндемеді. Бәрін үнсіз тыңдап босағада әлі тұр.
Неге үндемейсің, Мақсұт?! - деп, Хадиша сонда шыңғырып жіберді.
5-жаттығу.Сұраулы сөйлемді анықтаңыз.
Әр елдің салты басқа
Елдің бірлігі, ынтымағы нығая берсін
Бұл қандай дәстүр
Гүлдей бер, туған жерім
6-жаттығу.Хабарлы сөйлемді анықтаңыз.
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет
Қандай тамаша жер
Бұл қандай дәстүр
Елдің бірлігі, ынтымағы нығая берсін
7-жаттығу. Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.
А) Туысыма келіп кеттім
В) Сен барамысың
С) Сол кездері жоқ болдың
Д) Ол үшін жазалама
Е) Ауа қандай керемет
8-жаттығу.Төмендегі сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңыз.
Қызғалдақ –табиғатта да кең таралған, көгалдандыруда да жиі пайдаланылатын өсімдік. Ерекше әсем көркімен дараланатын гүл болғандықтан, оны білмейтін адам кемде-кем. Қазақстан табиғатында қызғалдақтың 35 түрі бар. Осы себепті де Қазақстан – қызғалдақтың отаны болып саналады. Сұрпы мен түріне қарай қызғалдақтың гүлдеу мерзімдері де әртүрлі. Наурыз-мамыр айларында гүл ашады. Қызғалдақ гүлінің түсі ақтан қараға дейінгі аралықта алуан түрлі болып келеді. Көп жағдайда сабақ басына бір тал ғана гүл жарады. Гүлзарларға бірыңғай түсті қызғалдақтарды топтап отырғызған жақсы көрінеді. Ал, жеке ыдыстарға бойы аласа түрлерін отырғызған дұрыс. Бойы аласа қызғалдақтар альпі шоқысының да көркін асыра түседі.
Сабақтың тақырыбы:Жай сөз тіркесі. Тұсаукесер.
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу
.Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Сөз тіркесінің жасалу жолдарын меңгеру;
- Хақымыздың салт-дәстүрлерінің бірі «Тұсаукесерде» қолданылатын ұлтымыздың ескірмес салттарын меңгеру;
Дамытушылық:
- Саяси саналылығы мен таным белсенділігін арттыру;
- Қоғамдағы заңдарды білуге, оны құрметтеуге баулу;
- Зат есім туралы білімдерін тереңдету;
- Сауатты жазу дағдысын қалыптастыру;
Тәрбиелік:
- Тұсаукесер өлеңін жаттау арқылы мән мағынасы үңілу
- Бала сөзін қатыстыра отырып бірнеше мақал-мәтелдер айту және олардың мән мағынасын түсіну
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин
2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин
4.Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин
5.Сабақты қорытындылау 7 мин
6.Үй тапсырмасын беру 4-5 мин
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
· Сөйлемдер қанша түрге бөлінеді?
· Леп белгісі қандай сөйлемнің соңына қойылады?
· Хабарлы сөйлемнің соңына не қойылады?
· Бұйрықты сөйлем дегеніміз не?
· Шілдехана қандай жағдайда жасалады?
· Шілдехана туралы білетініңді баянда.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
1) Жай сөз тіркесі дегеніміз не?
2) Жай сөз тіркесіне бес мысал келтір.
3) Жай сөз тіркесін қандай жағдайда қолданылады?
4) Жай сөз тіркесі сөйлем бола алады ма?
5) Тұсаукесер дегеніміз не?
6) Тұсаукесер қандай жағдайда тойланады?
7) Тұсаукесер тойында айтылатын әнді шырқа.
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
· Өткен тақырып бойынша бағалау;
· Жақсы жауаптарды ескеру;
· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
· Қорытынды баға қою