Хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер
Хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер
Бір нәрсе жайында хабарлау, суреттеу, баяндау мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлем көтеріңкі басталып, соңына қарай бәсеңдейді. Сөйлемнің соңына (.) қойылады.
Сұрап білу, жауап алу мақсатында айтылатын сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлем көтеріңкі басталып, біртіндеп бәсеңдегенімен соңына қарай қайта жоғары леппен айтылады. Сөйлем соңына (?) белгісі қойылады.
Сұраулы сөйлемнің жасалу жолдары
1)Сұрау есімдіктері арқылы не, қайта, қашан, қандай, қалай, қай, қанша, қайдан) жасалады.
2) Сұраулық шылаулармен ( ма, ме, па, пе, ба, бе, ша, ше) жасалады.
3)Оқшау сөздер мен көмекші сөздер қатысуымен (сірә, шығар, мүмкін, т.б.) жасалады.
4)Интонациямен
Адамның көңіл күйіне байланысты түрлі эмоциямен берілетін сөйлемді лепті сөйлем деп атаймыз. Лепті сөйлемдердің мағыналары қуаныш, реніш, қорқыныш, таңданыс, күйініш, сүйініш, аяныш, ыза, жалыныш, күмән т.б. сезімдерді білдіреді. Лепті сөйлемдердің соңынан леп белгісі (!) қойылады
Шілдехана
Әр шаңырақтың қарапайым, салтанатты түрде атап өтетін мереке, тойлары бар. Олардың кейбіріне көп қонақ шақырылса, кейбіріне ең жақын туған-туыс, көрші-көлем ғана келеді. |
Той –қуаныш-қызықты бірге бөлісу үшін ағайынның басын қосу, туған-туысты ынтымақ-ырысқа шақыру, өзара қарым-қатынасты нығайту, ұлттық салт-дәстүрді ұлықтау. Алайда мал-мүлік шашып, атын шығару үшін көл-көсір той жасау-астамшылық, ысырапқорлық. Тек, Аллаһ тағала әр шаңырақты «Баласына бір ескі сенімінде жаңа туған нәрестені жалғыз қалдырса, әртүрлі «жын-шайтан», «перілердің» салқыны соғуы мүмкін.
Сондықтан келіншектер мен боз-балалар айтысып жеңгендері тоғызын алып, әртүрлі ойындар өткізіледі. Кейде шілдехана үш күнге созылады. Шілдеханаға жастар жиналады. Оған үлкендер бата беру үшін ғана келеді. Шілдехана тойында жаңа босанған әйел үшін қалжаға сойылған малдың |
еті ортаға келгенде жөн білетін бір кісі омыртқаны қолға алып, оның етінен әйелдердің бәріне ауыз тигіздіріп, әбден мүжіп, тазартады да, сүйекті тобылғыға тізіп, үй ішінде биік жерге іліп қояды. Мұнысы-баланың мойны тез бекісін деген ырым.
Шаңырақ-потомство
Ынтымақ-единодушие
Дәстүр-традиция
Нәресте-ребенок
Ырым-поверье
Ұлықтау-выказывать уважение
Салтанатты-торжественный
Туыс-родня
Ауыз тигіздіру-отведывать
Ойындар-игры
1-жаттығу. Айтылу мақсатына қарай сөйлемдердің түрлерін анықтап,тыныс белгілерін қойыңыз.
1.Қазақстан- көп ұлтты республика 2.Бұлбұлсыз бау- бақша мен саябақтардың сән бола ма 3.Сендерге кітапты кім берді 4.Ойпырмай, мынау бір керемет қой 5.Көп оқыңдар
2-жаттығу. Берілген сөздерді пайдаланып,хабарлы сөйлем құрастырыңыз.
Дәріхана, кеңес, өсімдік,дәрігер, студенттер, ұстаз, оқушы, мемлекет.
3-жаттығу. Берілген сөздерді пайдаланып,сұраулы сөйлем құрастырыңыз.