6-жаттығу Төмендегі мақал -мәтелдердің мағынасын түсіндір.

 

а)Қорқақтың көзі үлкен,
Ақымақтың сөзі үлкен.

б)Жау жоқта батыр көп,
Дау жоқта ақыл көп.

в)Қылышынан қан тамған батырды,
Тілінен бал тамған ақын алады.

Тест сұрақтары

1.Үшін, туралы, жайлы шылаулары қай септіктен кейін келетінін көрсетіңіз.

А) Жатыс. В) Барыс. С) Табыс. Д) Ілік. Е) Атау.

2. Септеулік шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Сенің Астанаға барғың келе ме? В) Жазда Астанаға және Алматыға бардық. С) Ол Астанаға барған емес. Д) Асан мен Үсен Астанада болып қайтты. Е) Ол Астанаға дейін пойызбен барады.

3. Сұраулық демеуліктерді көрсетіңіз.

А) Түгіл, емес. В) –Ақ, -ау. С) Қатар, бірге. Д) Кім, не. Е) Ма, ме, ба, бе, па, пе.

4. Көп нүктенің орнына тиісті шылауды қойыңыз.

Маған өнер адамдары ... кітаптар ұнайды.

А) Сияқты. В) Туралы. С) Үшін. Д) Ғана. Е) Бірге.

5. Сен де бір кірпіш дүниеге.

Сөйлемде «де» не болатынын анықтаңыз.

А) Демеулік шылау. В) Септеулік шылау. С) Үстеу. Д) Жалғаулық шылау. Е) Көмекші есім.

6. Жалғаулық шылауларды көрсетіңіз.

А) Қана, ғана. В) Шейін, дейін. С) Ма, ме, ба, бе. Д) Үшін, бірге. Е) Да, де, та, те.

7. Сұраулық шылауды табыңыз.

А) Сонда. В) Ма, ме. С) Шейін. Д) Гөрі. Е) Әйтпесе.

8. Септеулік шылауды белгілеңіз.

А) Досым туралы жақсы хабар естідім. В) Кеше ғана ол ауылдан келді. С) Өмірден өз орнын тапқан-ды. Д) Қоңырау соғылды, бірақ сабақ басталған жоқ. Е) Ағам және оның қызы алыс жолға аттанды.

9.Септеулік шылауды табыңыз.

А) Қой. В) Мыс. С) Соң. Д) Ба. Е) Ақ.

10. Көп нүктенің орнына тиісті шылауды қойыңыз. Отан ... от кешкендер.

А) Үшін. В) Бұрын. С) Секілді. Д) Туралы. Е) Ғана.

11. Жалғаулықтардың түрін анықтаңыз.

Я, яки, не, немесе.

А) Талғаулықты В) Қарсылықты С) Іліктес Д) Ынғайластық Е) Себеп-салдар

12. Қарсылық мәндегі жалғаулық шылауды көрсетіңіз.

А) Және, немесе. В) Сондықтан, алайда. С) Бірақ, себебі. Д) Себебі, сондықтан. Е) Бірақ, алайда.

13. Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Е, жақсы болыпты. В) Қарағым-ай, бұл өмір осындай болады екен. С) Мына кісі неткен білімді. Д) Пайда ойлама, ар ойла. Е) Даналық халық сөзінде екен.

14. Септеулік шылауы бар сөз тіркесін көрсетіңіз.

А) Жол арқылы В) Астана туралы С) Айтты ма? Д) Қала түгіл Е) Бірде дұрыс

15. Жұмбақ құрамындағы қай сөз шылау екенін көрсетіңіз.

Таңертең бар, кешке жоқ,

Кеш түгілі, түсте жоқ.

Мен әдемі моншақпын,

Ірі емеспін ұсақпын.

А) түгілі. В) емеспін. С) кеш. Д) мен. Е) жоқ.

16. Синоним болып тұрған шылауды табыңыз.

А) Себебі, секілді. В) Сондықтан, сол себепті. С)Және, бірақ. Д) Көрікті, көңілді. Е) Қала,шаһар

17. Септеулік шылауды белгілеңіз.

А) Біз табиғатқа қамқорлық жасауымыз керек. В) Жаңбыр жауса, жер көгерер. С) Менің әпкем тілмаш болғысы келеді. Д) Сабақтан соң біз театрға бардық. Е) Япырмау, неткен ғажап күй!

18. Сөйлемді септеулік шылаумен толықтырыңыз.

Саяхатқа оқушылармен ... мұғалім шықты.

А) Арқылы. В) Кейін. С) Дейін. Д) Туралы. Е) Бірге.

19.Демеулік шылауды табыңыз.

А) Гөрі. В) Сонда. С) Ма, ме. Д) Әйтпесе. Е) Шейін.

20. Нақтылық мәндегі шылауды көрсетіңіз.

А) Күйтабақта Құрманғазы мен Тәттімбеттің күйлері жағылған. В) Өмірден орын тапқан-ды.

С) Қолына тек добыра берсең болады. Д) Ол бүгін аңшы туралы мәтін оқыды.

Сабақтың тақырыбы: Хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер. Шілдехана.

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Сөйлемнің түрлерін, жасалу жолдарын меңгеру;

- Қазақ халқының салт-дәстүрлерін білу;

- Қазақ халқының салт-дәстүрі арқылы рухани білімдерін кеңейту;

Дамытушылық:

- Оқушының ой-өрісін қенейте отырып, тілін дамыту;

- сөздік қорын молайту;

- бағалау, ой жинақтау,шығармашылық қабілетін дамыту;

- Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру,теориялық білімін, зейінін дамыту;

Тәрбиелік:

- Қазақ халқының салт-дәстүрі арқылы рухани білімдерін кеңейту;

- Халқымыздың салт-дәстүрлерін меңгеру арқылы ұлт жандылығын ояту;

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин

2. Үй тапсырмасын сұрау: 25 мин;

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин;

4.Жаңа тақырыпты бекіту: 10 мин;

5.Сабақты қорытындылау: 7 мин;

6.Үй тапсырмасын беру: 4мин;

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

· Шылаулардың қанша түрі бар?

· Шылаулардың әр қайсысына мысалдар келтір.

· Мәтіннен шылауларды тауып оларды түріне қарай ажырат.

· Мұхтар Шахановтың өмірлік ұстанымымен таныс.

· Мұхтар Шахановтың қандай өлеңдерін білесің?

· Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» өленің жатқа айт.

 

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

1) Хабарлы сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз?

2) Сұраулы сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз?

3) Бұйрықты сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз?

4) Лепті сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз?

5) Шілдехана қай кезде тойланады?

6) Шілдехана қалай өткізіледі?

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру:хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдердің құрылысы, тыныс белгілері, қазақтың ұлттық салт – дәстүрі туралы түсініктерін айту