1-жаттығу. Мәтіннен шылауларды тауып, түсінгеніңізді айтыңыз.

 

2-жаттығу. Ахмет Байтұрсыновтың ұлағатты сөздерін жаттап алыңыз.

 

Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.

 

Көркем сөз - көңіл тілі, жалаң сөз - зейін тілі.

Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы болуы керек.

Сөздің асыл болуы - ұнауынан.

Сөз қадірін білмесең - өлең оқып не керек.

Білімнің бас құралы - кітап.

 

3-жаттығу.Көшіріп, шылаулардың астын сызыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.

Қазақ халқының көне әрі қызық ойындарының бірі-қыз қуу.Ойынға қыз бен жігіт қатысады. Егер жігіт жарыста жеңілсе,ол өзіне қойылған талапты сақтай алмағаны үшін қызбен некелесуге хұқы болмаған. Ал,қыз қуғыншыдан қашып құтыла алмаса,жігіттің талабын орындайды.

4-жаттығу.Төмендегі сөйлемдерден шылауларды табыңыз.

Жаман шұбарлықтарға ең ауыр мезгіл - қыс. Оның жері шөл екені, құдығының суы тереңнен шығатыны, ондай құдық қазуға ауқатты адам болмаса, кедейлердің әлі келмейтіндігі жоғарыда айтылды. Осындай жағдайдың салдарынан, ағайынды екі адам, бір-біріне өзгені қиса да, суды қимайды. Шамасына қарай әр үйде, бірден бастап бірнешеуге шейін құдық болады. Бай адамдар оннан аса құдық ұстайды. Құдықтардың аузы құлыптаулы болады. Біреудің құдығындағы суды біреу ұрламау үшін, әркім өз құдығының қақпағына өзге кілтпен аша алмайтын құлып сап қояды..

5-жаттығу.Төмендегі сурет бойынша әңгіме құрастырыңыз.

6-жаттығу.Шылаулардың түрлерін ажыратыңыз. Ұқсас тұлғалардан ажырату жолын ауызша түсіндіріңіз.

Шоқының төбесінде отырған Кененің кескіні Балуан Шолақ жасырақ кезін де айнадан көрген өз кескіні сияқтанып кетті. Ана жылы көрген е бала пішінді Кененнің қазір сақалы да, мұртыда өскен және дәл Балуан Шолақтың сақал-мұртындай, мұрты ұзара қалыңдап, қаршығаның жазған қанатындай, сапары сүйірше, иығына қарай қайырылып, сақалы иегіне шоқтала, бір тұтамдай ғана қып-қысқа боп өскен. Маңдайы да сондай кең, қасы да сондай қою, мұрны да сондай қоңқақ... Тек қана айырмас – Балуанның жүзі бәлкім дөңгелектеу (С.Мұханов).

 

7-жаттығу.Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Отбасыңызда сізден басқа неше адам бар? _______________________.

2. Бүгін таңертен кімнен(әкеңізден,әйеліңізден,балаңыздан,күйеуіңізден) бұрын тұрдыңыз? _______________________.

3. Кеше түстен кейін ауа-райы қандай болды? _______________________.

4.Жұмыстан(сабақтан) соң барасыз? _______________________.

8-жаттығу.Қазақ тіліне аударыңыз.

1. После работы я пойду к сыну._______________________.

2. Кроме мамы меня никто не понимает._______________________.

3. Что вы ждете от меня?_______________________.

4. Откуда ты приехал в Алматы?_______________________.

5. Из дома я вышел в 7 часов. _______________________.

6. Мыс понедельника работаем здесь._______________________.

7. От них я жду хороших вестей._______________________.

8. Спроси у своего друга._______________________.

9. В очереди я стоял за Карлыгаш._______________________.

10. По телевизору показывают интересный телесериал._______________________.

Сабақтың тақырыбы: Шылаулардан өткенді қайталау. Тіл жанашыры – М.Шаханов

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

-Шылаулардың басқа сөз таптарынан ерекшеліктерін;

- Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;

-Халқымыздың дарынды ұлдарының бірі М.Шахановтың шығармашылығына алынған мысалдар арқылы шылаулардан өткенді қайталау;

Дамытушылық:

- Ұлттық мәдениетін қалыптастыру;

- Оқушы бойында әдептілік және адами қасиеттерді қалыптастыру;

- Ойын нақты дұрыс жеткізуге,тапқыр сөйлеуге үйрету;

- Көркем шығарманы оқуға қызығушылықтарын арттыру;

Тәрбиелік:

- М.Шаханов өлендері арқылы мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

- Шаханов мұрасының мәңгілігін сезіндіре отырып студенттерді поэзияны сүюге, туған жер мен елге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту ;

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин

2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин

4.Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин

5.Сабақты қорытындылау 7 мин

6.Үй тапсырмасын беру 4-5 мин

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

· Демеулік шылау дегеніміз не?

· Демеулік шылаудың сөйлемдегі қызметі қандай?

· Демеулік шылауға бірнеше мысал келтір.

· Мәтіннің ішінен демеулік шылауларды тап.

· Ахмет Байтұрсынұлының өмір баянына хронологиялық кесте жаса.

· Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерін ата.

· Ахмет Байтұрсынұлының бір өлеңінің мағынасын ашып талда.

 

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

1) Демеулік шылауға бес мысал келтір

2) Септеулік шылауға бес мысал келтір

3) Мәтіннен шылауларды тауып, оларды түрлеріне қарай ажырат.

4) Мұхтар Шаханов кім?

5) Мұхтар Шахановтың бір өлеңін жатқа оқы.

6) Мұхтар Шахановтың еңбектерімен таныс.

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру:шылаулардың мағыналық түрлері, атқаратын қызметі, М.Шахановтың еңбектері туралы түсініктерін одан әрі тиянақтау,мәтінді жаттау.

 

Шылаулардан өткенді қайталау.

 

 

 

 

Тіл жанашыры – М.Шаханов

Мұхтар Шаханов 1942жылы 2 шілдеде Отырар ауданы «Шілік» ауылында дүниеге келген. Көрнекті қазақ ақыны. Шығармалары дүние жүзінің 30-дан астам тілдеріне аударылған. Ақынның поэзия кештері Мәскеуде, Стокгольмде (Швеция), Глазгода, Эдингбургте (Шотландия), Ренеде (Франция), Кобэде (Жапония), Берлинде,

Дрезденьде, Кельнде (Германия), Исламабадта (Пакистан) т.б. елдерде өтті. Әкеден 9 жасында айрылған Шаханов 7-інші сыныпты бітірген соң еңбекке араласты. Ол трактордың тіркеушісі, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің корректоры, әдеби қызметкері, «Лениншіл жас» газетінің оңтүстік облыстар бойынша тілшісі, Қазақстан жазушылар одағы басқармасының хатшысы, республикалық «Жалын» журналының бас редакторы, т.б. қызметтер атқарды. ҚСРО Халық депутаты.ҚСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасының Халық депутаты болып сайланды. 1993 жылдан Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, әлем ойшылдарының басын біріктіретін «ХІХ ғасыр және Руханият» атты халықаралық элита клубының президенті. Мұхтар Шаханов – белгілі қоғам қайраткері. 1986 жылы Кеңес одағына тұңғыш рет тоталитарлық жүйеге ұйымдасқан түрде ашық қарсы шыққан қазақ жастарын ақтап алуда, ол өз басына төнген қауіпке қарамай ерлікке барабар іс етті, апат аймағы – Арал теңізі маңындағы адамдарды қорғау туралы әлемдік деңгейде дабыл қақты. 1988 жылы 62 жыл үзілістен соң Қазақстанда және Орта Азияда «Наурыз» мерекесінің қайта тойлануына мұрындық болды. М. Шаханов – Қырғыз Республикасының халық ақыны, Қазақстан Республикасының халық ақыны, халықаралық Калифорния Ғылым академиясының академигі, тағы басқа да шетелдік, отандық академиялардың, университеттердің мүшесі.

 

Еңбек-труд

Тіркеуші-регистратор

Өкілетті-полномочный

Тұңғыш-первенец

Жүйе-система

Қауіп-опасность

Отандық-отечественный

Ерлік-геройство

Ойшыл-мыслитель

Одақ-союз

 

1-жаттығу.Мәтінді орыс тіліне аударып, түсінгеніңізді әңгімелеңіз.

2-жаттығу.Мәтінді оқып,шылаулардың қолданылуына назар аударыңыз.

Қазақстанның жері кең-байтақ,табиғаты әр түрлі. Мұнда асқар тау да, өзен де, көл де, шөл де бар.Қазақстанда ірі қалалар көп. Қазақстан-көп ұлтты мемлекет.Ол әрі бай өлке. Қарағанды көмір береді.Оны қара алтын дейді. Қазақстанда тас көмір, мұнай,темір, мыс пен қорғасын тағы да басқа қазба байлықтары өндіріледі.Қазақстан- астыққа бай өлке.Мұнда қой, сиыр, түйе және жылқы өсіреді.

3-жаттығу.Мұхтар Шахановтың бір өлеңін жаттаңыз.

Арифметикадан басталған өлең

Бірге бірді қосқанда не болады?

Онда өмірден жалғыздық жоғалады.

Алдыңда тұрған шақта асу белең

Қандай жақсы мақсатты қосу деген.

 

 

Өседі адам қияға қарап тұрып,

Қалықтайды қиялын қанат қылып.

Жалғыз өткен күндерден жалығады ол

Сенімінің жеңісін санап тұрып.

 

Бірге бірді қосқанда не болады?

Онда өмірден жалғыздық жоғалады

Жоғалсын, мәңгі көргің келмес оны

Білемін, аңсайсың-ау сен де соны

 

Ия, өмір бір күн шаттық, бір күн егес

Тірліктің барлық мәні күлкіде емес

“Екі” деген егіз сан аман болса

Менің жалғыз қалуым мүмкін емес!

Авторы: Мұхтар Шаханов

 

4-жаттығу.Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1.М.Шаханов кім?_____________________________________

2.Оның қандай өлеңдерін білесің?________________________

3.М.Шаханов қай жерде туылған?_______________________

4. М.Шаханов қашан туылған?__________________________

5-жаттығу.Өлеңнің мағынасын түсіндіріңіз.

Төрт ана

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,

Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.

Әр адамда өз анасынан басқа да,

Ғұмырына етер мәңгі астана,

Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,

Болу керек құдіретті төрт ана:

ТУҒАН ЖЕРІ - түп қазығы, айбыны,

ТУҒАН ТІЛІ - мәңгі өнеге айдыны,

ЖАН БАЙЛЫҒЫ, САЛТ-ДӘСТҮРІ - тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі,

Және ТУҒАН ТАРИХЫ,

Еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да.

Құдірет жоқ төрт анаға тең келер,

Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.