1-жаттығу.Сөйлемдерден шылауларды табыңыз.

 

Міне,Ұлы Отан соғысында қазақтардың атын өзгеге де, өзімізге де танытып,қазақ халқының жауынгерлік, отаншылдық рухын дүние жүзіне паш еткен осы үш тұлға- Жамбыл Жабаев, Баубек Бұлқышевжәне Бауыржан Момышұлы болды.

Бала, бозбала Баубектің санасына әсер етіп,оның ойшыл,өлеңшіл,отаншыл болып қалыптасуына септігін тигізген не еді?Мұның мынадай төрт себебі болса керек.

2-жаттығу.Абайдың өлеңін жаттап алыңыз.

 

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.

Жақсы менен жаманды айырмадың,

Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың...

 

Өзімдікі дей алмай өз малыңды,

Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың.

Көрсе қызар келеді байлауы жоқ,

Бір күн тыртың келеді, бір күн бұртың.

3-жаттығу.Қажетті шылауларды койыңыз.

Абзал ... Әйгерім азық-түлік дүкеніне барды. Олар дүкеннен қажет ... май, шай ... нан сатып алды. Абзал жақсы бала, ... сабақ оқуға жалқаулау. Әйгерім өте білімді адам, ... кітап оқиды.

4-жаттығу.Мәтінді оқып, шылаулардың қолданылуына назар аударыңыз.Орыс тіліне аударыңыз.

Қазақстанның жері кең- байтақ,табиғаты әр түрлі. Мұнда асқар тау да,өзен де,көл де,шөл де, бар.Қазақстанда ірі қалалар өте көп.Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Ол әрі бай өлке. Қарағанды көмір береді. Оны қара алтын дейді. Қазақстанда тас көмір,мұнай, темір, мыс пен қорғасын тағы да басқа қазба байлықтары өндіріледі. Қазақстан астыққа бай өлке. Мұнда қой, жылқы және сиыр өсіріледі.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қазақстанның жері, табиғаты қандай?

2. Қазақстанда қандай қазба байлықтар өндіріледі?

5- жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.

Студент сдают экзамены и зачеты. Вечер был прекрасный,и мы гуляли по берегу моря. Погода была теплая, но и дождливая. Я говорю не только по-русски и по-казахски. Отец Абая – инженер,а мама врач. Алия закончила школу и поступила в университет.

6- жаттығу. Төмендегі орыс тілінде берілген мақалдарды қазақ тіліне аударыңыз. Мағынасын түсіндіріп беріңіз.

Сон – лучшие всякого лекарства.

Кто к здоровью относится беспечно, болеет вечно.

7- жаттығу.

Оң бағанадағы етістіктермен сол бағанадағы керекті сөздер арқылы сөз тіркестерін жасаңыз.

ыстық суды салу (нені?)

сүзгіштен (фильтр) салу (қайда?)

ваннаға құю (нені?)

тоңазытқышта сүзу (немен?)

астан кейін сақтау (қайда?)

денсаулық үшін ішу (қашан?)

қолын пайдалану (не үшін?)

қалтаға құю (қайда?)

Сабақтың тақырыбы:Демеулік шылау. Тіл атасы - Ахмет.

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Демеулік шылаудың жасалу жолдарын;

- Ахмет Байтұрсыновтың өмірін, шығармашылығын;

- Халқымыздың дарынды ұлдарының бірі тума талант иесі

А.Байтұрсынов шығармашылығынан алынған мысалдар арқылы шылауларды табу;

Дамытушылық:

- Өз беттерімен әрекеттену дағдысын қалыптастыру;

- Тіл байлығын, сөздік қорларын молайту;

- Ауызекі сөйлеу, оқу дағдыларын қалыптастыру;

- Ауызша және жазбаша тілдерін, көру жіне есту қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік:

-А.Байтұрсынов шығармашылығынан алынған мысалдар арқылы ізгілікке, Отанын сүюге тәрбиелеу;

- А.Байтұрсынов аудармалары арқылы жаман әдеттен жирендіруге;

- Өз мамандықтарының білгірі болуға тәрбиелеу;

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин

2. Үй тапсырмасын сұрау: 25 мин;

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин;

4.Жаңа тақырыпты бекіту: 10 мин;

5.Сабақты қорытындылау: 7 мин;

6.Үй тапсырмасын беру: 4-5 мин;

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

· Жалғаулық шылау дегеніміз не?

· Жалғаулық шылаулардың сөйлемдегі қызметі қандай?

· Жалғаулық шылаларға бірнеше сөйлем құрастыр.

· Мәтінненжалғаулық шылауларды тап.

· Абай Құнанбайевтің өмірімен таныс

· Абай өлеңдерінен бір өлеңді жатқа айт.

· Абайдың қара сөздерін оқып одан алған щй тұжырымыңды баянда.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

1) Демеулік шылау дегеніміз не?

2) Демеулік шылаудың сөйлемдегі атқаратын қызметі?

3) Демеулік шылаудың мағыналық түрлері қандай?

4) Демеулік шылауға бес мысал келтір.

5) Ахмет Байтұрсынұлы кім?

6) Ахмет байтұрсынұлының өмірін баянда.

7) Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерімен таныс.

8) Ахмет Байтұрсынұлының өміріне хронологиялық кесте жаса.

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру:демеулік шылаулардың түрлерін, сөйлемдегі қызметін, Ахмет Байтұрсыновтың «Тіл тағылымы» еңбегі туралы түсініктерін одан әрі тиянақтау,мәтіннен түсінгенін әңгімелеу.

 

 

Демеулік шылау.

 

 

 

 

Тіл атасы – Ахмет

Ахмет Байтұрсынов қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы Сартүбек деген жерде 1873 жылы қаңтар айының 18 – інде дүниеге келген. Сол замандағы әділетсіз өмір сезімтал баланың жүрегін он үш жасында – ақ жаралап үлгереді. Әкесі Байтұрсын мен оның інісі Ақтас қорлық, зәбірге шыдамай, ояз начальнигі полковник Яковлевтің басын жарып, 15 жылға Сібірге жер аударылады. Табиғатынан дарынды бала Ахмет 1882-1884 жылдары алдымен өз үйінде хат танып, артынан ауыл мектебінде

сауат ашады. 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі класты орысша,қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқиды. 1895 жылдың 1 маусымынан мұғалім болып істейді. 1901 жылдан бастап өзі ізденіп, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жазады, аударма жасап өлең жыр шығарады, ауыз әдебиеті нұсқаларын жасайды. Бірте-бірте ел ішінде бедел атағы өседі.

Полиция тыңшыларының жаласымен 1909 жылы Ахмет Семей абақтысына жабылып, сотсыз, үкімсіз,нақақтан-нақақ 8 ай бойы азап-қорлық көреді. Ақыры сол жерде тұру құқығынан айрылып, 1910 жылы түрмеден босап, наурыз айында Орынбор қаласына келеді. Бұдан кейін Ахмет Байтұрсыновтың өміріндегі ең күрделі кезеңдері басталады. 1913-1918 жылдар арасында «қазақ» газетінде редактор болып, орасан зор әлеуметтік – тарихи қызмет атқарады, халық өмірінің сан – алуан көкейкесті мәселелерін көтереді, елді өнер-білімге шақырады. Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери Революциялық комитеттің мүшесі ретінде оның жұмысына белсене араласады. Республикалық халық ағарту комиссары, бүкіл одақтық Орталық Атқару Комитетінің мүшесі, Қазақстан Орталығының жетекшісі, Ташкент, Алматы жоғары оқу орындарында профессор бола жүріп, жаңа заман үшін күреседі.

 

Әділетсіз өмір – несправедливая жизнь

Табиғатынан дарынды бала – талантливый от природы мальчик

Аударма жасады – перевел

Нақақтан – нақақ – без вины виноватый

Жаңа заман үшін күреседі – бороться за новую жизнь

Абақтыға қамалады – папал в тюрьму

Ауыз әдебиеті-устная литература

Курделі-сложный

Белсене-активно

Хат танып-учиться грамотна