Қазақтың бас ақыны – Абай

 

Абай Құнанбаев

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы 1845 жылы Семей облысы, қазіргі Абай ауданы, Шыңғыс тауында туған. Абай Семейдегі Ахмет Риза медресесінде 4 жыл оқиды. Онда өз бетімен орыс тілін үйренеді. Абай 12 жасынан бастап жаза бастаған.Абайдың ең жақсы достары талантты жастар,ақындар,жыршылар,орыс интеллигенциясының өкілдері Чернышевский мен Добролюбовтар еді. Орыс достары Абайдың өз бетімен білім алуына

ерекше назар аударып, зор көмек көрсетті. Әсіресе, Е.П. Михаэлис» - дейді.

Абай Пушкин мен Лермонтовтың, Крыловтың, Салтыков – Щедрин мен Лев Толстойдың шығармаларын аса ардақтап, оларды сүйіп оқыды. Абай Пушкиннің Онегин мен Татьяна хаттарын қазақ тіліне аударып, бүкіл қазақ даласына таратып, таныстырды. Ол Пушкиннің, Лермонтовтың, Крыловтың т.б. орыстың озық ойлы ақындарының шығармаларын қазақ тіліне аударды. Орысша оқуды уағыздады. «Орыстың ғылымын, өнерін дүниенің кілті», - деп санады.

«Орысша оқу керек, - мал да, өнер де, ғылым да – бәрі орыста... Сен орыс тілін білсең, көкірек көзің ашылады» - деді Абай. Абай композитор. Оның 20 – дан астам әндері бар.

Абай халқының ғасырлар бойы қараңғылықтан құтылуының бірден – бір жолы – орыс және қазақ мәдениетінің жақындауында деп білді.

(Қ. Ысқақұлы)

 

 

Ұлы ақын – великий поэт

Ең жақын достар – самые близкие друзья

Талантты жастар талантливая молодежь

Зор көмек – большая помощь

Сүйіп оқыды – читал любя

Дүниенің кілті – ключ мира

Өз бетімен – самостоятельно

Озық ойлы-прогрессивно мыслящий

Дүниенің кілті-ключ мира

Ғасырлар бойы-вес век