1-жаттығу.Мәтіннен шылауларды тауып, түсінгеніңізді айтыңыз.
2-жаттығу.Мақал-мәтелдерге қажетті шылауларды қойып, жаттап алыңыз.
1. Жаныңды жаралайтын ... сөз, 3. Отан оттан ... ыстық.
Емдейтін ... сөз. 4. Тау ... тасты жел сөз бұзар, 2. Әзіл айтсаң ... әділ айт. Адамзатты сөз бұзар.
3- жаттығу.Төмендегі сөйлемдерден үстеулерді табыңыз.
Университет бітіргеннен кейін, ұядан ұшқан балапандай болып, әркім әр жаққа кетті. Біреу қияға қонып, біреу қиырды мекендеп жүріп жатыр қазір. Балапан басқан тауықтың ұясына байқаусызда түсіп кеткен үйрек жұмыртқасынан шыққан сушыл балапандай болып, филфакты бітіре сала мұғалім болмай, журналистиканың айдын көліне тартып мен кеттім. Ол отыздың біразы ғылыми қызметкер болды. Көпшілігі мұғалім. Қыздар әлдеқашан күйеуге шыққан, жігіттер әйел алған. Бір кездегі бүлдіршіндей қыздар мен қыршын жігіттер бүгінде сары қарын әйел, сақалды шалға айналды. Алдының балалары институтқа ілініп, баяғы біз басымыздан кешкен жастықтың жәрмеңкесіне енді олар кірді, біздің жастықтың жығылған жалауының орнына олар өз туларын көтерді...
4- жаттығу.Төмендегі сөйлемдерден шылауларды табыңыз
Солардың ішінен Меңтай екеуміздің мәңгілік, адал досымыз Жомартбек Жолдин ғылым докторы атағын алды. Зайкүл есебін тауып, бір бастықтың етегінен ұстаған. Соның беделімен, тамыр-таныстық деген кәрі кеселдің көмегімен ол да кандидат деген атқа ие боп алған. Қазір ол бір институтта «басын жарып, көзін шығарып», әдебиеттен сабақ береді.
5-жаттығу. Төмендегі шылауларды қатыстыра отырып сөйлемдер құрастырыңыз.
Және...,дегенмен...,болмаса...,себебі...,өйткені...,сондықтан...,сол себепті....
6-жаттығу.
Оң жақтағы етістіктермен сол бағандағы керекті сөздерден (сұрақ арқылы) сөз тіркесін құраңыз.
дәрінің мөлшерін себу (қайда?)
көп дәрілерден жазу (нені?)
жара үстіне құралу (неден?)
шырышты қабықты бөліну (нешеге?)
жазып тітіркендіру (нені?)
екіге көрсету (қалай?)
7-жаттығу.Шылаулардың түрлерін ажыратыңыз. Ұқсас тұлғалардан ажырату жолын ауызша түсіндіріңіз.
Шоқының төбесінде отырған Кененің кескіні Балуан Шолақ жасырақ кезін де айнадан көрген өз кескіні сияқтанып кетті. Ана жылы көрген е бала пішінді Кененнің қазір сақалы да, мұртыда өскен және дәл Балуан Шолақтың сақал-мұртындай, мұрты ұзара қалыңдап, қаршығаның жазған қанатындай, сапары сүйірше, иығына қарай қайырылып, сақалы иегіне шоқтала, бір тұтамдай ғана қып-қысқа боп өскен. Маңдайы да сондай кең, қасы да сондай қою, мұрны да сондай қоңқақ... Тек қана айырмас – Балуанның жүзі бәлкім дөңгелектеу (С.Мұханов).
Сабақтың тақырыбы: Жалғаулық шылау. Қазақтың бас ақыны – Абай
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Абай шығармашылығынан терең мағлұмат беру;
- Ақындық әлемді сезінуге ұмтылдыру;
- Жалғаулық шылаудың жасалу жолдарын;
Дамытушылық:
- Мәтінмен жұмыс істей отыра, оқушының ойлау қабілетін шапшаңдығын, тез шешім табуын ұштау;
- Оқушылардың сөздік қорын молайту;
- Ой- қиялына ерік бере отырып, өзінше ойын түйіндеуге бағыттау ;
- Оқу материялынан ең бастысы табу, талдау, салыстыру, ойлау қабілеттерін дамыту;
- Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
Тәрбиелік:
-Абайдың жан-жақтылығын көрсету, ерекшелігіне тоқталу арқылы студенттерді сөз байлығына, өнерді құрметтеуге баулу;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин
2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин
4.Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин
5.Сабақты қорытындылау 7 мин
6.Үй тапсырмасын бекіту
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
· Септеулік шылау дегеніміз не?
· Септеулік шылауды қай кездері қолданамыз?
· Септеулік шылауға мысалдар келтір.
· Мәтіннен септеулік шылауды көрсет.
· Шоқан Уәлиханов кім?
· Шоқан Уәлихановтың өміріне хронологиялық кесте жаса.
· Шоқан Уәлихановтың еңбектерін ата.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
1) Жалғаулық шылау дегеніміз не?
2) Жалғаулық шылаудың сөйлемдегі атқаратын қызметі?
3) Жалғаулық шылаулардың мағыналық түрлері қандай?
4) Абай Құнанбаев деген кім?
5) Абай Құнанбаевтың ата-тегіне көз жүгірт.
6) Абай Құнанбаевтың өмірін баянда.
7) Абай Құнанбаевтың бір өлеңін жатқа оқы.
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
· Өткен тақырып бойынша бағалау;
· Жақсы жауаптарды ескеру;
· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
· Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:жалғаулық шылаулардың түрлері, сөйлемдегі қызметі, Абай шығармалары туралы айту,мәтінді , Абай өлеңін жаттау.
Жалғаулық шылау