1-жаттығу. Мәтіннен түсінгеніңізді әңгімелеңіз.
2-жаттығу.Мәтіннен шылауларды тауып, олардың түрін анықтаңыз.
3-жаттығу.Ыбырай Алтынсариннің төмендегі өлеңін жаттап алыңыз
Ананың сүюі
Кім сендерді балалар сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып,қайғыңа күйетұғын
Түн ұйқысын төрт бөліп,кірпік қақпай,
Шешең байғүс дамылсыз жүретұғын
Кім сендерді ,балалар,тербететін
Еркелетіп,ойнатып .сергітетін
Жалқау болсаң,балалар,жаман болсаң
Қамқор анаң көз жасын көлдететін
Кім сендерді сағынар шетке кетсең
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең
Ұмытпа ,ең кемінде жұлдыз сайын
Хат жазып тұр,төбесі көкке жетсін
Кім сағынар сендерді келгеніңше
Құлындарын көзімен көргенінше
Сендер қайтып келгенде адам болып
Еш арманым болмас дер өле-өлгенше.
4-жаттығу.Төмендегі сұрақтарға шылауларды қатыстыра отырып жауап беріңіз.
1.Сіз киноға кімдермен барасыз?_________________________________
2.Сіз кімдерді жақсы көресіз?_______________________________________
3.Сіздің тобыңызда қазақ тілі қай күндері болады?____________________
4.Сіз қай жыл мезгілдерін жақсы көресіз?____________________________
5.Сіз қай қалаларды жақсы көресіз?__________________________________
5-жаттығу.Төмендегі мақал-мәтелдерден шылауларды табыңыз.
Ер жігітке өлім бар да, қорлық жоқ.(Для героя смерть есть, позора – нет).
Батырға таяқ та – жарақ.(Батыру и палка оружие).
Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме. (Жизнь врагу отдай, но тайны не выдавай).
Алыссаң атаң да болса жық. (Если схватился, и отца родного вали с ног).
6-жаттығу. Жұмбақтардың шешуін тауып, ерекшеліктерін сипатта. Ойдың берілу тәсілін анықта.
1. Сүйреңдеген хайуаннан
бір сылым ет таппайсың.
2. Бұталы биіктің екі бетінде
екі бұлан жайылып жүр.
3. Көлдің қарама-қарсы бетінде адамдар
бір-біріне уық лақтырып ойнайды.
4. Ақ айдында ақ табақ қалқып жүр.
Шешуі: күн, екі құлақ, маса, көзді жыпылықтату немесе кірпік қағу.
7-жаттығу. Мақалдарды оқып, мағыналарын анықта. Қарамен жазылған сөздердің қандай мағына беріп тұрғанын айт.
Жақсы адам – елдің ырысы,
Жақсы жер – жанның тынысы.
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
8-жаттығу. Септеулік шылауларды табыңыз, септіктегі сөзбен тіркесетінін ажыратыңыз.
Задында адам туған жердің қадірін қартайған сайын терең түсінбек. Кешке қарай ауданнан ілесіп келген кісілер жергілікті совхоз басшыларының ортасында сұхбат құрысты. Ол түні бойы ойланды Бойжеткен Несібелі осы күнге шейін өлікті бетпе-бет көрген емес. – Оған шейін жүрек жалғай тұру үшін жан басына үш жүз грамнан астық беру керек, - деді. Бір күні Шәукен үйден шығып, бетінің ауған жағына қарай жүре берді (Т.Әлімқұлов(. Айтушы ойын өзі үшін айтпайды, өзге үшін айтады. Өлеңнің жорғағы тілтабиғатына қарай үрлі жолмен келеді(А. Байтұрсынов).
Сабақтың тақырыбы: Септеулік шылау. Шоқан Уәлиханов – саяхатшы.
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Септік жалғаулы сөзбен тіркесетін оның мағынасын толықтыратын сөздерді;
-Септік жалғауларын меңгеретін септеуліктерді;
-Септік жалғауларын меңгеретін септеуліктердің қызметін;
-Шоқан Уәлихановтың өмірі,саяхаттары, еңбектері туралы;
Дамытушылық:
-Өз бетінше ізденуге;
-Ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету;
-Өз ойын еркін жеткізуге баулу;
-Жылдам жауап беруге жаттықтыру;
Тәрбиелік:
- Оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру;
- Білімгерлердіадамгершілікке тәрбиелеу ;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин
2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин
4.Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин
5.Сабақты қорытындылау 7 мин
6.Үй тапсырмасын беру 4-5 мин
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
· Шылау дегеніміз не?
· Шылаудың сөйлемдегі атқаратын қызметі қандай?
· Шылаудың сөйлемдегі мағыналық түрлері қандай?
· Мәтіннен шылауларды тап.
· Шылауға бірнеше мысал келтіріп сөйлем құра.
· Ыбырай Алтынсариннің өміріне хронологиялық кесте жаса.
· Ыбырай Алтынсариннің еңбектерін ата.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
1) Септеулік шылау дегеніміз не?
2) Септеулік шылаудың сәйлемдегі атқаратын қызметі қандай?
3) Септеулік шылаулардың сөйлемдегі мағыналық түрлері қандай?
4) Шоқан Уәлиханов кім?
5) Шоқан Уәлихановтың өміріне хронологиялық кесте жаса.
6) Шоқан Уәлихановтың орыс достары кімдер?
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
· Өткен тақырып бойынша бағалау;
· Жақсы жауаптарды ескеру;
· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
· Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:септік жалғауларын меңгеретін септеуліктерді және олардың қызметі Шоқан Уәлихановтың жасаған саяхаттарын, еңбектері туралы түсініктерін әңгімелеу,мәтінді жаттау.
Септеулік шылау.
Белгілі бір септік жалғаулы сөзбен тіркесіп, оның мағынасын толықтырып тұратын сөздерді септеулік шылаулар дейміз. Септеулік шылаулар өздері тіркескен сөздерге мезгілдік, мекендік, мақсаттық мағыналар үстейді. Осы қызметтері, мағыналары жағынан олар септік жалғауларға ұқсайды.
Шоқан Уәлиханов – саяхатшы
Ш. Уәлиханов (1835-1865) – қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы, этнограф, әрі ағартушы демократы. 1853 жылы ол Омбы қаласындағы кадет корпусын бітіреді. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік – шығыс аудандарын басқарады. Генерал-губернатор Г.Х.Гасфорттың адьютанты болып тағайындалады. 1853 жылы орыс географиясы қоғамында Бас штабта, Азия депортаментінде қызмет етеді. Мұнда Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, А.И.Герцен идеяларымен танысты. Академик Н.И.Веселовский Шоқанды «Шығыс тану әлемінде жарқ етіп аққан жұлдыз» деп жоғары бағалады. 1855 жылы Шоқан Верныйға келіп, арнаулы экспедициямен Ыстықкөл маңына аттанды. Қырғыз тарихы, этнографы, фольклорына байланысты материал жинады. Осы материалдарды ол «Жоңғария очерктері», «Ыстықкөл күнделіктері» атты еңбектерінде пайдаланды. Шоқанның бұл еңбектері тірі кезінде неміс, француз тілінде жарық көрді. 1860-62 жылдары Петербург университетінде лекция тыңдаған. Ол түркі халықтарының, орыстың, Батыс Европаның тілдерін білген. Қырғыз халқының тарихы, этнографиясы, мәдениеті Шоқан мұраларынан кең орын алды. Ол – қырғыздың «Манас» жырын тұңғыш зерттеген ғалымдардың бірі. Көкшетау, Талдықорған облыстарының колхоз, совхоздары Ш.Уәлиханов есімдерімен аталады. Алматыда №12 мектеп және бір көшеге Ш.Уәлиханов есімі берілді. Қазақстан Республикасы сыйлықтарының біреуі Ш.Уәлиханов есімімен аталады.
Қазақтың ұлы ғалымы –великий казакский ученый
Аққан жұлдыз – метиор
Мұралар – наследие
Шығыстану әлемі – вселенная востоковедения
Жарық көрді – вышел в свет
Ағартушысы-просветитель
Көше-улица
Жарқ етіп аққан жұлдыз-сверкнуть,сверкнувший метиор
Түркі халықтары-тюркские народы
Тағайындалды-назначился