Ыбырай Алтынсарин – ағартушы педагог

  Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы, жаңашыл педагог, жазушы, ауыз әдебиетін зерттеуші, этногроф. Ы. Алтынсарин 1841 жылы Торғай облысының Қостанай уезіндегі Аманқарағай болысында, қазіргі Затобол ауданында туған. Атасы Балқожа белгілі би болған. Ыбырай атасы Балқожаның тәрбиесінде болды. Ыбырай өз бетінше оқып, білім алған.

Ыбырайдың білім алуына Шығысты зерттеуші ғалым В.В.Григорьевтің үлкен әсері болды. Ыбырай орыс әдебиетін көп оқыды. Халыққа білім беруді көп арман етті. Ол орысша – қазақша мектеп ашты. 1879 жылы «Қазақша хрестоматия»деген кітап жазды. Қазақ балаларына арнап бастауыш класқа арналған орыс тілі кітабын жазды. Мектептерде орыс тілін үйретуді, сол арқылы орыс мәдениетін игерген жас, жаңа ұрпақ тәрбиелеуді көздеген.Қазақ халқының өміріне жаңалықтар енгізуді арман етті.

Ыбырай орыстың алдыңғы қатарлы педагогтары Қ.Д. Ушинский, Л.Н.Толстой, Н.О.Бунаковтардан көп үйреніп, олардың іс-тәжірибелерін пайдаланды.

Ыбырай И.А.Крыловтың, Л.Н.Толстойдың, К.Д.Ушинскийдің көптеген еңбектерін қазақ тіліне аударды.

Ыбырай Алтынсарин орыс графикасын негізге алып, қазақ алфабитін жасады. «Қыпшақ Сейітқұл», «Бай мен жарлы баласы»,, «Малды пайдаға жарату» әңгімелері бар. Көптеген публицистикалық мақалалар жазды, олар үш топқа бөлінеді: хаттары, этнографиялық тақырыптарға жазған очерктері, экономикалық, саяси - әлеуметтік мәселелер.

Ақын Ғ.Қайырбеков «Дала қоңырауы» атты поэма, драматург М.Ақынжанов «Ыбырай Алтынсарин» деген пьеса жазып, Алтынсаринді елге танытты.

Қазақстан ғылыми-педагогикалық, мәдени қауымы Алтынсаринді «Ұзтаздардың ұстазы» деп біледі.

 

 

Аса көрнекті ағартушы – видный просветитель

Ауыз әдебиетін зерттеуші – иследователь – фольклорист

Көп үйрену – выучился многому

Бай баласы мен жарлы баласы – сын бая и бедняка

Жанашыл педагог – наватор педагог

Арман етті – мечтал

Өмірге жаңалық ендіру – внедрение нового в жизнь

Үш топқа бөліну-отделиться на три группы

Елге танытты-быть известным людям